Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрттің пайда болуына алып келуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Өртті сумен сөндіруге
әрекеттенбеңіз. Құрылғыны
ажыратып, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне заттарды
немесе ыдыстарды құлатып
алмаңыз. Құрылғының бетіне зақым
келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар
шыны керамика бетке сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
ҚАЗАҚ
55
Содержание 949 595 095 01
Страница 68: ...www aeg com shop 892952867 A 242012 ...