
19
ҚАЗАҚША
(23) 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
Судың 80-90 секунд бойы ағуына мүмкіндік
беріңіз.
•
Батырманы (23) қайталап басып судың кесеге
құйылуын сөндіріңіз.
•
Сүт көпіршігін беру реттегішін (9) бұрып
«Тазалау» шаю режимін таңдаңыз.
•
Одан кейін капучиноны әзірлеу түймесін (24)
3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Судың
80-90 секунд бойы ағуына мүмкіндік беріңіз.
•
Батырманы (24) қайталап басып судың кесеге
құйылуын сөндіріңіз.
•
Басқару түймелерінің жарығы үнемі жанып
тұратын болады, бұл құрылғы пайдалануға
дайын екенін және бойлердің шайылғанын
білдіреді.
Назар аударыңыз!
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде сүзгі
ұстағышты (19) шешіп алуға тыйым салынады.
•
Сүзгі ұстағышты (19) кофе әзірленіп болғаннан
кейін бірден шешіп алмаңыз, себебі сүзгінің
ішінде шамадан тыс су қысымы және бу болуы
мүмкін, кофебұқтырғыштың суығанын күтіңіз.
•
Сүзгі ұстағышты (19) шешіп алу үшін тұтқаны
сол жаққа қарай бұрып, ұстағышты шешіп
алыңыз.
Дұрыс көлемді кесені таңдау жолдары
Сусын
Дайын өнімнің
шамалас мөлшері
Эспрессо
Бір ішім
Екі ішім
30-40 мл
70-80 мл
Капучино
Бір ішім
Екі ішім
170 мл
280 мл
Латте
Бір ішім
Екі ішім
340 мл
430 мл
Ескерту:
•
Пайдаланылатын кеселерді алдын ала
қыздырып алу қажет, бойлердегі су
қыздырылып жатқан кезде кеселерді алаңға
(1) орнатыңыз.
Эспрессо кофесін әзірлеу
•
Құрылғының өшірулі тұрғанына көз жеткізіп
алыңыз.
•
Ыдысты (16) шешіп алыңыз, оған суық суды
құйыңыз да, орнына орналастырыңыз (1-сур.).
•
Кофеге арналған сүзгілердің біреуін (20
немесе 21) таңдаңыз да, оны сүзгідегі дөңесті
ұстағыштағы ойыққа (19) келтіріп ұстағышқа
(19) орнатып, сүзгіні сағат тілінің бағытымен/
тіліне қарсы бағытта бұраңыз (3, 4-сур.).
•
Ұсақталған кофені сүзгіге себіңіз: 2 толық
өлшеуіш қасық – екі ішім кофе әзірлеу үшін
және 1 толық қасық – бір ішім кофе әзірлеу
үшін, ұсақталған кофенің бетін тегістеңіз
және өлшеуіш қасықтың (22) кері бетімен сәл
тығыздаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқышқа орнатыңыз.
Ұстағыштың (19) дөңесі бойлердегі ойықтарға
сәйкес келуі керек (5-сур.), одан кейін сүзгі
ұстағыштың тұтқасын (17) оң жаққа түбіне дейін
бұраңыз (6, 7-сур.).
•
Ыңғайлы кесені тиісті табандық (3 немесе
5) үстіне қойыңыз және тұтқаның көмегімен
(8) түтік-капучинаторды (2) кесеге қарай
бағыттаңыз (8-сур.).
•
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
•
Түймені (14) басып, кофебұқтырғышты қосы-
ңыз, басқару тақтасындағы түмелердің
(23, 24 және 25) жарығы жыпылықтай
бастайды.
Ескерту: Егер құрылғы 15 минут ішінде
пайдаланылмаса, онда ол қауіпсіздік мақса-
тында автоматты түрде күту режиміне
ауысады (бойлерді қыздыру ажыратылады,
басқару түймелерінің жарығы сөнеді). Жұмыс
режиміне қайтару үшін кез келген басқару
түймесін басыңыз.
•
Басқару тақтасындағы түймелер жыпы-
лықтауын тоұтатқан кезде, эспрессо әзірлеу
түймесін (23) бір ішім кофе (30-40 мл)
әзірлеу үшін бір рет басыңыз.
Ескерту: Түйме жарығы (23) жыпылықтауын
басқалардан бұрын тоқтатады – бұл қалыпты
жағдай.
•
Екі ішім эспрессо әзірлеу үшін түймені (23) екі
рет басыңыз.
•
Эспрессоны өз қалауыңыз бойынша әзірлеу
үшін түймені (23) 3 секунд бойы басып ұстап
тұрыңыз. Құрылғы 150 мл эспрессоға дейін
дайындай алады, одан кейін ажыратылады.
•
Сіз өз қалауыңыз бойынша түймені (23)
қайта басып, кесеге кофенің құйылуын
тоқтатуыңызға болады.
Ескерту:
•
Кофені қайта әзірлеуді арасына кемінде
5 минут салып барып жүргізу керек.
Summary of Contents for VT-8490
Page 1: ...1 Кофеварка VT 1517 BN Coffee maker 4 10 17 24 31 37 VT 8490 ...
Page 2: ......
Page 3: ......
Page 43: ......