19
ҚазаҚша
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған уақытта жұмсақ заттарға
(төсекке немесе диванға) қоймаңыз, оны бүркемеңіз.
• Сақ болыңыз! Жұмыс тілімдері мен жұмыс тілімдері
аймағындағы құрылғы корпусы құрылғыны сөндіргеннен
кейін біршама уақыт бойы ыстық болып қалады.
• Құрылғыны пайдаланған кезде желілік бауды толық
ұзындығына тарқату ұсынылады.
• Желілік бау:
–
ыстық заттармен жанаспауы,
–
жиһаздың үшкір шеттерімен тартылмауы,
–
аспапты тасымалдауға арналған қолсап ретінде
пайдаланылмауы керек.
• Баудың бүтіндігін мезгілімен тексеріп тұрыңыз.
• Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық
орауда тасымалдаңыз.
• Желілік айыртетіктің немесе баудың бүлінуі кезінде,
егер ол іркіліспен жұмыс істесе, сонымен қатар
ол құлағаннан кейін құрылғыны пайлануға тыйым
салынады.
• Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-келген
ақаулықтар пайда болғанда, соынмен қатар ол
құлағаннан кейін аспапты электр желісінен ажыратыңыз
және кепілдеме талоны мен www.vitek.ru сайтында
көрсетілген хабараласу мекен-жайлары бойынша
кез-келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ПАНАЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында
тасымалдаған немесе сақтаған кезде оны кемінде
үш сағат бөлме температурасында ұстау керек.
• Құрылғыны бумадан алып шығыңыз және құрылғыға
жұмыс істеуге кедергі келтіретін, буып-түю
материалдарды алып тастаңыз.
• Желілік бауды толық тарқатыңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болғанда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Іске қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
IM VT-8416_70x130.indd 19
09.01.2018 17:53:41