18
ҚазаҚша
ШАШҚА АРНАЛҒАН ТҮЗЕТКІШ VT-8402 BK
Құрылғы шашты түзетуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Жұмыс тілімдері
2.
Іске қосылу көрсеткіші
3.
Қорек сөндіргіші «ON/OFF», «І.қ./сөнд.»
4.
Сабы
5.
Шашты түзетуге арналған тілімдердің бекіткіші
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Суы бар ыдыстардың қасында бұл аспапты пайдаланбаңыз
(қолжуғыш, ванна және т.с.с.).
•
Құрылғыны жуыну бөлмесінде пайдаланған кезде, оны
пайдаланып болғаннан кейін, аспапты желіден сөндіру,
яғни желілік баудың айыртетігін ашалықтан ажырату
керек, себебі судың жақындығы құрылғы сөндіргішпен
сөндірілген кезде де қауіп төндіреді;
•
Қосымша қорғаныс үшін жуыну бөлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын
(ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды іске қосылу
тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде маманға
хабарласқан жөн;
•
Түзеткішті тұрақты, түзу, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс тілімдері мен сыртқы
жұмыс беттері жылдам балқитын немесе тез
тұтанатын заттармен (пластмасс, полиэтилен,
синтетикалық материалдармен және т.с.с.)
жанаспауын қадағалаңыз.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспапбын алғашқы пайдалану алдында берілген
басшылықты зейін қойып оқып шығыңыз және оны
анықтамалық матреиал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны берілген нұсқаулықта көзделгендей, тікелей
міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі
мүмкін.
•
Іске қосу алдында, электр желісінің кернеуі құрылғының
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Ешқашан жұиыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз
•
Сепкіштер себілетін немесе тез тұтанатын сұйықтықтар
пайдаланатын жерлерде құрылғыны іске қоспаңыз.
IM VT-8402_70x130.indd 18
28.04.2016 16:10:27