16
ҚАЗАҚША
• Ел өңірлерінде судың кермектігінің деңгейі әртүрлі.
Суда кермектілік тұздары және басқа еріген
минералдар болуы мүмкін. Қазандықтағы су буланып,
шөгінділері қалады.
• Егер суда тұз аз болса және су жұмсақ болса,
онда қақ қабыршақтары мезгіл-мезгіл қазандықтың
қабырғаларынан құлап, бумен бірге шығады. Егер
суда тұздар көп болса, оның ішінде кермектілік
тұздары болса, онда минералды шөгінділер
қазандықта айтарлықтай мөлшерде жиналады.
Бұл будың пайда болуын қиындатады және сынуға
әкелуі мүмкін. Ққа үлпектері клапандар мен келте
құбырларды бітеуі мүмкін. Сондықтан қақтың
пайда болуын және тұздың жиналуын азайту үшін
деминерализацияланған немесе дистиллденген суды
пайдалану ұсынылады.
• Кәдімгі құмыра сүзгілері судан минералдар мен
тұздарды алып тастамайды. Бұл мәселені арнайы
деминерализация сүзгілері жеңе алады.
• Егер сіз бөтелкедегі ауыз суды қолданғыңыз келсе,
оның жалпы минералдануын біліп алыңыз (әдетте
затбелгіде көрсетілген) және оны су құбыры суының
көрсеткіштерімен салыстырыңыз (оларды сумен
жабдықтау ұйымының сайтынан немесе интернеттен
табуға болады). Әдетте, бөтелкедегі судың
минералдануы 100-400 мг/л құрайды. Краннан аққан
судың минералдануы бірнеше есе аз болуы мүмкін,
сондықтан бөтелкедегі суды пайдалану қақтану
мөлшерін арттырады.
Назар аударыңыз! Қазандықтағы қақ пен тұздың
шөгінділерін тексервис орталығының жағдайында
жоюға болады, бұл әрекет кепілдік қызмет көрсету
шарттарына жатпайды және ақылы болып табылады.
ТАЗАЛАУ және КҮТІМ
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Сұйыққоймадан (7) қалған суды ағызыңыз.
• Бу швабрасы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
• Шүберекті қылшақтан шешпес бұрын, оның
салқындауын бірнеше минут күтіңіз.
• Микрофибрадан жасалған шүберекті кір жуғыш
машинада 60°C-тан аспайтын температурада
сақтағыш режимде жууға болады.
• Шүберек кірді жақсы сіңіруі үшін, ешқашан
ағартқышты, шаюға арналған құралды және
кондиционерді пайдаланбаңыз. Шүберек кептіргіш
машинасында кептіруге жарамды.
• Қолмен жуған кезде жұмсақ жуғыш құралын
қолданыңыз және оны көлденең кептіріңіз.
• Суға арналған сұйыққойманы мезгілімен жуып
отыры ңыз. Сұйыққоймадағы судың тұрып қалуына
жол бермеңіз.
• Суға арналған сұйыққойма ішінде жиналған әк
шөгінділерді тазарту үшін суға толып тұрған
сұйыққоймаға бір немесе екі ас қасық ақ сірке суын
қосып, суға арналған сұйыққойманың қақпағын
жауып, ішіндегісін шайқаңыз, содан кейін төгііз
сұйыққойманы таза сумен шайыңыз.
ҚАҚ СҮЗГІСІН АУЫСТЫРУ
Аспапта әк жабындысын тоқтатуға және өніміңіздің
қызмет ету мерзімін ұзартуға қабілетті құрамына арнайы
шайырлар салынған сүзгі бар.
Сүзгіні 100 рет қолданғаннан кейін ауыстыру ұсынылады.
• Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғы корпусына (3) батырмаға (8) басып суға
арналған сұйыққойманы (7) шешіп алыңыз және оны
сыртқа қарай тартып алыңыз.
• Жаңа сүзгіні салыңыз, абайлап басыңыз және оның
жақсы орнатылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін суға
арналған сұйыққойманы орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Аспапты пайдалану кезінде сүзгі қараюы,
қоңыр немесе тот басқан болуы мүмкін, бұл қалыпты
жағдай және ақаулық болып табылмайды.
САҚТАЛУЫ
Ескертпе: Швабраны қолданғаннан кейін, қуаттан-
дырудан өшірмес бұрын суға арналған сұйыққойманы
шығарып алыңыз, содан кейін бу шығуы тоқтағанша
біраз уақыт өнімді жұмыс істетіңіз.
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• «Тазалау және күтім» бөлімінің талаптарын орындаңыз.
• Желі бауын орауға арналған арнайы ілгекке (10, 14)
ораңыз.
• Швабраны тік күйінде қойыңыз.
• Бу швабрасын құрғақ және салқын, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Техникалық қызмет көрсету немесе ақаулықтарды тексеру жұмыстарын жүргізбестен бұрын аспапты толығымен суытыңыз.
Қиындық
Себебі
Шешімі
Әлсіз бу
немесе будың
болмауы
Суға арналған сұйыққоймада су
таусылды
Суға арналған сұйыққоймаға су құйыңыз
Бу шүмегінің бітелуі
Бу шүмегін тазалаңыз (қылшақтың астында орналасқан)
Суға арналған сұйыққоймаға әк және
тұз шөгінділері жиналған
Суға арналған сұйыққоймадан әк пен тұз шөгінділерін
жойыңыз.
Қазандықта қақ түзілімі пайда болды Қазандықтан қақты жойыңыз.
Рәсім авторландырылған сервистік орталық
жағдайында жүргізіледі және кепілдікке жатпайды
Бу беруді реттеу батырмасы
басылмаған
Бу беруді реттеу батырмасын бір рет басыңыз
Құрылғы
қосылмайды
Қуаттандыру берілісі жоқ
Құрылғының электр розеткасына қосылғанына көз жеткізіңіз
Қосу батырмасы басылмаған
Қосу батырмасын басыңыз
Сақтандырғыш жанып кетті
Авторланлған сервис орталығына жүгінііз
Егер мәселелер сақталса немесе жоғарыда көрсетілмеген болса, авторланған сервис орталығына жүгінііз (
www.vitek.ru
)
немесе Клиенттерді қолдау қызметіне жүгінііз.
VT-8188.indd 16
9/18/20 4:44 PM