
15
ҚазаҚша
Контейнер-шаңжинауышқа (11) орнатылған
сүзгілерді (24, 25) тазалау
–
Контейнерді (11) қоқыс пен шаңнан жоғарыда
сипатталғандай алдын-ала тазалаңыз.
–
HEPA-сүзгіні (25) шешіңіз (сур. 3).
–
Контейнер қақпағын (23) алдын-ала ашып,
циклонды сүзгіні (24) шешіңіз.
–
Циклонды сүзгіні (24) шешу үшін оны сағат
тіліне қарсы бұраңыз және сүзгіні (24) орнату
орынан шығарыңыз (сур. 4).
–
Сүзгілерді шаң мен қоқыстан тазартыңыз,
циклонды сүзгіні (24) және НЕРА-сүзгіні (25)
жылы ағын сумен жуыңыз.
Ескерту:
НЕРА-сүзгінің (25) сыртқы жағына ағын суды
бағыттай отырып, НЕРА- сүзгіні (25) жуыңыз.
–
Сүзгілерді жуу үшін ыдыс жуатын машинаны
пайдаланбаңыз.
–
Сүзгілерді мұқият құрғатыңыз.
–
HEPA-сүзгіні (25) құрғату үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
–
Контейнер-шаңжинауышты (11) жуыңыз, оны
сүртіңіз және құрғатыңыз.
–
Циклонды сүзгіні (24) орнату орнына
орнатыңыз және оны сағат тілі бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз, содан кейін қақпақты
(23) жабыңыз.
–
НЕРА-сүзгіні (25) орнына орнатыңыз.
–
Құрастырылған контейнер-шаңжинауышты
(11) шаңсорғыш корпусына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Контейнер-шаңжинауышты (11) шаңсорғыш
корпусына орнату алдында, HEPA-сүзгіштің (25)
– құрғақ, және контейнер-шаңжинауыштың (11)
ішінде ылғал жоқ екенін тексеріңіз.
Шығаратын НЕРА-сүзгіні (21) тазалау
•
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны электрлік
желіден ажыратыңыз.
•
Бекіткішке (19) басып, шығаратын сүзгінің
торын (20) шешіңіз, НЕРА-сүзгіні (21)
шығарыңыз.
•
НЕРА-сүзгіні (21) сәл жылы ағын судың
астында жуыңыз. Сүзгілерді жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны пайдаланбаңыз.
•
НЕРА-сүзгіні (21) құрғатыңыз. НЕРА-сүзгіні
(21) құрғату үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
•
НЕРА-сүзгіні (21) орнына орнатыңыз.
•
Шығаратын сүзгінің торын (20) орнына
орнатыңыз.
Ескерту:
–
НЕРА-сүзгіні (21) орнына орнату алдында,
оның құрғақ екенін тексеріңіз.
–
НЕРА-сүзгіні (21) құрғату үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусы
–
Шаңсорғыш корпусын сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Шаңсорғыш корпусын, желілік баусымды
және желілік баусым ашасын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға матыруға тыйым
салынады. Шаңсорғыш корпусының ішіне
сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
–
Шаңсорғыш бетін тазалау үшін еріткіштерді
және қажайтын тазалағыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАУ
•
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға
дейін, корпусты, контейнер-шаңжинауышты
(11) және сүзгілерді (21, 24, 25) тазалауды
жүргізіңіз.
•
Сақтау кезінде ыңғайлылық үшін қылшақтың
көлденең «тұрағы» орнын (17) пайдаланыңыз.
•
Шаңсорғышты құрғақ салқын, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖАБДЫҚТАЛУЫ
1.
Орнатылған контейнер-шаңжинауышы
мен сүзгілері бар шаңсорғыш – 1 дн.
2.
Иілгіш құбыршек – 1 дн.
3.
Телескопты ұзартқыш түтік – 1 дн.
4.
“ЕДЕН/КІЛЕМ” ауыстырғышы бар әмбебап
қылшақ – 1 дн.
5.
Саңылауларға арналған қондырма – 1 дн.
6.
Жиһазға арналған қондырма-қылшақ – 1 дн.
7.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қоректендіру кернеуі: 220-240 В ~ 50 Гц
Максималды тұтынатын қуаты: 2000 Вт
Сорғызу қуаты: 300 Вт
Өндіруші алдын-ала хабарлаусыз аспаптың
сипаттамаларын өзгерту құқығын сақтайды
Аспаптың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-8102.indd 15
17.08.2017 17:20:44