13
ҚазаҚша
ШЫРЫНСЫҚҚЫШ VT-3666
Электрлі шырынсыққыш жеміс-жиектерден
шырын дайындауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Итергіш
2.
Жүктейтін ауыз
3.
Қақпақ
4.
Үккіш-сүзгіш
5.
Шырынжиғаныш
6.
Шырынды құюға арналған шүмек
7.
Бекіткіш
8.
Мотор блогі
9.
Жұмыс режимдерін ауыстырып
қосқыш (I-0-II)
10.
Шырынды жинауға арналған ыдыс
11.
Шырынды жинауға арналған ыдыс
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны қолданудың алдында осы
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
және оны анықтағыш материал ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта айтылғандай,
тікелей тағайыны бойынша пайдаланыңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Жұмыс істеу уақытында, соынмен
қатар желілік баудың айыртетігі
ашалыққа салынып тұрған жағдайларда,
шырынсыққыштың қақпағын шешпеңіз;
бұл ережені жарақаттарға жол бермеу
үшін сақтау керек.
•
Шырынсыққыштың максималды рұқсат
етілген үзіліссіз жұмыс істеу уақыты-
1 минут, кейіннен кем дегенде 1 минут
үзіліс, үш жұмыс циклінен кейін кем
дегенде 15 минут үзіліс жасау қажет.
•
Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Шырынсыққышты құрғақ, түзу және тұрақты
бетте ғана пайдаланыңыз.
•
Аспапты алғашқы пайдалану алдында,
өңделетін
азық-түлікпен
жанасатын
барлық шешілмелі бөлшектерді жақсылап
жуыңыз.
•
Қолыңызда үккіш-сүзгішті ұстағанда, сақ
болыңыз, дискілі үккіштің беті өткір.
•
Шырынсыққышты әр пайдаланған сайын
үккіш-сүзгішті тексеріңіз. Егер сіз қандай да
бір бүлінуді тапсаңыз, аспапты пайдалануды
тоқтатыңыз және дереу үккіш-сүзгішті
ауыстырыңыз.
•
Тек жеткізу жинағына кіретін алынбалы
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны
бөлмеден
тыс
жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Аспапты және желілік бауды ыстық
беттерден, жылу көздерінен және өткір
заттардан алшақ ұстаңыз.
•
Құрылғыны пайдалануды бастау алдында,
барлық бөлшектердің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•
Шырынсыққышты оның қақпағы бекіткіштің
көмегімен жабық болса ғана пайдалануға
болады.
•
Жұмыс істеу уақытында азық-түлікті
жүктейтін ауызға саусақпен немесе басқа
құралдармен итеруге тыйым салынады.
Бұл мақсатта тек итергішті ғана
пайдаланыңыз.
•
Аспап іске қосулы тұрған кезде аузына
бетіңізді таямаңыз, көкөністің/жемістің
бөліктері аузынан ұшып шығуы және
пайдаланушыға зақым келтіруі мүмкін.
•
Сығындыларға
арналған
сауыт
орнатылмаған кезде шырынсыққышты
пайдалануға тыйым салынады.
•
Шырынсыққыш азық-түлікті ұсақтауға және
араластыруға арналмаған.
•
Желілік сым айыры электрлік розеткаға
жалғанып тұрған жағдайда шырын
сыққышты бөлшектеуге тыйым салынады.
•
Желілік баудың айыртетігін су қолмен
ұстамаңыз.
•
Аспапты сөндіргеннен және үккіш-сүзгіштің
айналуы толық тоқтағаннан кейін ғана
бекіткішті ашыңыз.
•
Шырынсыққыштың корпусында судың
немесе шырынның тамшылары пайда болса,
оны өшіріп, электр желісінен ажыратыңыз
және корпусты құрғақ матамен сүртіңіз.
•
Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны
сөндіріңіз және желілік сым айырын
электрлік розеткадан ажыратыңыз.
•
Жұмыс істеу уақытында балаларға
құрылғыға және желілік бауға қолдарын
тигізуге рұқсат етпеңіз.
•
Балаларға құрылғыны ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат етпеңіз.
•
Берілген
құрылғы
балалардың
пайдалануына арналмаған.
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс
циклдері арасындағы үзілістерде құрылғыны
IM VT-3666.indd 13
12.07.2018 10:12:19