17
ҚазаҚша
Әртүрлі өлшемді тесіктері бар екі торкөз -
өнімдерді
әртүрлі дәрежеде ұсақтауға арналған.
Арнайы керек-жарақтар
шұжықтарды толтыру және
«кеббе» әзірлеу үшін пайдаланылады.
«Invisible» технологиясы
– керек-жарақтарды
сақтауға арналған корпустағы арнайы бөлім.
«Disc Cleaner» технологиясы
– дискілерді тазалауға
арналған арнайы айлабұйым.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Еттартқышты электр желісіне қосар алдында
құрылғының өшіріліп тұрғанын тексеріп алыңыз.
• Етті тартуды бастамай тұрып барлық сүйектер
мен артық майлар алынып тасталғанын тексеріп
алыңыз.
• Өнімдерді қандайда бір басқа заттармен не-
месе қолдың саусақтарымен итеруге тыйым
салынған, тек жеткізу жинағына кіретін итергішті
(1) пайдаланыңыз.
• Құрылғының корпусын, желілік шнурды және
желілік шнур ашасын ешбір жағдайда суға немесе
кез келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• «кеббе» (18, 19) саптамасын пайдаланған кезде
торкөздерді (14, 15) және пышақты (13) орнатуға
болмайды.
• Еттартқышта қатты талшықтары бар өнімдерді
(мысалы, зімбір немесе желкек) тартпаңыз.
• Кептелістерді пайда болдырмас үшін етті
итергішпен (1) итеріп артық салмақ салмаңыз.
• Қандайда бір қыстырылып қалған тілім иірмек
пен пышақтың айналуын тоқтатқан жағдайда
құрылғыны дереу өшіріңіз және жұмысты қайта
жалғастырмас бұрын иірмекті кері айналдыру
функциясын «REV» (реверс) пайдаланып,
кептелісті алып тастаңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны
төменгі
температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлмелік температурада кемінде екі сағат уақыт
бойы ұстау керек.
• Еттартқышты шығарып алыңыз және барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз, корпу-
сты ылғал матамен сүртіп, одан кейін құрғатып
сүртіңіз.
• Барлық алынатын бөлшектерін бейтарап жуғыш
заты бар жылы сумен жуыңыз, шайыңыз және
құрамай тұрып әбден кептіріп алыңыз.
• Бірінші рет қосар алдында, электр желісіндегі
кернеу құрылғының жұмыс кереуіне сәйкес
келетіндігін тексеріп алыңыз.
ЕТТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
• Еттартқыш өнімдерді өңдеуге және тек үй
жағдайында жартылай фабрикаттарды әзірлеуге
арналған.
• Құрылғыны құрап, оны тегіс құрғақ бетке
орнатыңыз.
• Корпустағы желдеткіш саңылаулары бітеліп
тұрмағанын тексеріп алыңыз.
• Желілік шнур ашасын электрлік розеткаға сұғыңыз,
бұл кезде «
» (11) түймесінің жарығы жанады.
• Еттартқыштың бастиегі (3) астына ыңғайлы ыды-
сты қойыңыз.
• Еттің толық жібігенін тексеріп алып, артық майлар
мен барлық сүйектерді алып тастаңыз, етті текше-
леп тураңыз немесе науаның (2) саңылауына еркін
кіретіндей өлшеммен тілімдеп тураңыз.
•
«
» (11) түймесін басып құрылғыны қосыңыз.
• Етті еттартқыштың бастиегі мойнына (3) итергіштің
(1) көмегімен асықпай итеріңіз.
• Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті (1) пайдаланыңыз.
• Өнімдерді итеру үшін қандайда бір заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір жағдайда
етті қолмен итермеңіз.
• Етті немесе басқа өнімдерді итеру үшін қатты күш
салмаңыз.
• Етті немесе басқа өнімдерді тарту кезінде кептеліс
пайда болуы мүмкін; пайда болған кептелісті жою
үшін иірмекті кері айналдыру функциясын «REV»
(реверс) қолдану керек.. Иірмекті кері айналдыру
режимін «REV» (реверс) қосу үшін еттартқышты
өшіріңіз, ол үшін «
» (11) түймесін басыңыз,
одан кейін « » (10) түймесін басыңыз, осы кезде
осы түйменің жарығы жанады, одан кейін «
»
(11) түймесін басып, құрылғыны қосыңыз.
• Құрылғының өнімдерді өңдеу бойынша үздіксіз
жұмыс істеу уақыты 5 минуттан аспауы тиіс.
• 5 минут үздіксіз жұмыстан кейін еттартқышты
өшіру керек және оны 10-15 минут бойы суыту
қажет, осыдан кейін жұмысты жалғастыруға бо-
лады.
• Жұмысты аяқтағаннан кейін, «
» (11) түймесін
басып, еттартқышты өшіріңіз, оны электр
желісінен ажыратыңыз және осыдан кейін ғана
оны бөлшектей бастауға болады.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
1.
Еттартқыштың бастиегін (3) орнатылатын орнына
(4) салыңыз және оны сағат тіліне қарсы бағытта
бекітілгенше бұраңыз (1, 2-сур.).
2.
Иірмекті (12) еттартқыш бастиегінің корпусына (3)
орнатыңыз (3-сур.).
3.
Айқаспалы пышақты (13) орнатыңыз (4-сур.).
4.
Бір қажетті торкөзді (14 немесе 15) алып,
пышақтың үстінен торкөздегі дөңестер мен
еттартқыш бастиегінің (3) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріп орнатыңыз, сомынды
(16) қатайтыңыз (5, 6-сур.).
5.
Назар аударыңыз!
– Пышақты кесетін бетін торкөзге қаратып
орналастырыңыз. Пышақ теріс орнатылған
жағдайда ол тарту функциясын орында
-
майды.
– Аса ірі тесіктері бар торкөздер (14) шикі
етті, көкөністерді, кепкен жемістерді,
ірімшікті, балықты және т.б. тартуға
қолайлы.
VT-3600_IM.indd 17
15.07.2013 10:44:15