
15
ҚазаҚ
белгілеп, машинканы іске қосыңыз, майдың
үйкеленетін беттермен таралуы үшін
машинкаға 30 секундтай жұмыс істеуге
уақыт беріңіз.
–
Машинканы сөндіріңіз, майдың артық
бөліктерін құрғақ матамен немесе қағаз
майлықпен сүртіңіз.
Ескерту:
–
Машинканы әр пайдаланған сайын
ұстараларды тазалау және майлау
ұсынылады.
–
Жеткізілім жинағына кіретін майды (7)
ғана пайдаланыңыз.
–
Өсімдік майын немесе құрамына
еріткіштер
кіретін
майларды
пайдаланбаңыз. Еріткіштер буланады,
ал қалған қою май ұстаралардың қозғалу
жылдамдығын баяулата алады.
Ұстаралар ұзындығының
ауыстырғышы 0,9-1,5 мм (2)
Ауыстырғышпен (2) Сіз қырқылатын
шаштың ұзындығын 0,9 мм-ден 1,5 мм-ге
дейін таңдай аласыз.
Ауыстырғышты (2), ұстаралар бағытында
тірелгенге дейін жылжытыңыз, бұл
қырқылатын шаштың 0,9 мм-не сәйкес
келеді. Ауыстырғышты (2) бастапқы күйіне
жылжыту үшін бекіткіш батырмасына
(2а) басыңыз және ауыстырғышты (2)
жылжытыңыз, бекіткіш батырмасын (2а)
қажетті бағытта жіберіңіз.
Қондырма-тарақтар (8, 9, 10, 11)
Шаштың ұзындығы пайдаланылатын
қондырмаға байланысты болады:
–
қондырма-тарақ (10): шаштың ұзындығы
3 мм
–
қондырма-тарақ (11): шаштың ұзындығы
6 мм
–
қондырма-тарақ (8): шаштың ұзындығы
9 мм
–
қондырма-тарақ (9): шаштың ұзындығы
12 мм
Таңдалған қондырма-тарақты ұстаралар
блогына (1) тістерімен жоғары қаратып
орнатыңыз және қондырманың төменгі
бөлігінің шығыңқысына ол бекітілгенге
дейін басыңыз. Шашты қырқуды
бастау алдында қондырманың өзінің
отырғызатын орнында бекітіліп ілінгеніне
көз жеткізіңіз. Қондырма-тарақты шешу
үшін қондырманың төменгі жағындағы
шығыңқыға басыңыз және оны шешіңіз.
Шаш үлгісін модельдеу бойынша
нұсқаулық
•
Шашты қырқу уақытында шаш таза және
құрғақ болуы керек.
•
Желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
•
Шашты қырқуды бастау алдында,
сөндіргішті (3) «І» күйіне белгілеп,
машинканы іске қосыңыз, және
машинканың іркіліссіз жұмыс істеп
тұрғанына, ал ұстаралардың жүрісі –
жұмсақ екеніне көз жеткізіңіз. Ұстараларда
майлайтын май артық болғанда,
сөндіргішіті (3) «0» күйіне белгілеп,
машинканы сөндіріңіз, және артық майды
құрғақ матаның көмегімен жойыңыз.
•
Желілік баудың күйін қадағалаңыз, оның
көп рет бұратылуына жол бермеңіз,
мезгілімен машинканы сөндіріңіз және
желілік бауды түзетіңіз.
•
Адамның басы сіздің көзіңіздің деңгейінде
болатындай етіп оны отырғыңыз,
адамның иықтарын сүлгімен жабыңыз,
шашты тарақтың (12) көмегімен тараңыз.
Еске салу
–
Бір өткенде шаштың шамалы көлемін
қырқыңыз — қажет болғанда өңделген
бөлікке қосымша қырқу үшін қайтуға
болады.
–
Шаш қырқудың ең жақсы нәтижелеріне
құрғақ шашпен жұмыс істегенде жетуге
болады, ал дымқыл шашпен емес.
–
Біркелкі емес тарамдарды табу үшін
шашты тарақпен (12) тараңыз.
–
Шашты бірінші рет қырыққаннан кейін
анағұрлым ұзын шаш қалдырған дұрыс.
–
Машинканы игерген сайын сіз өз
бетіңізбен қажетті шаш үлгілерін
модельдей аласыз.
IM VT-2576.indd 15
27.12.2016 16:29:36