
15
ҚАЗАҚША
ШАҢСОРҒЫШТЫ ЖИНАУ
Иілгіш құбыршекті жалғау және шешу
•
Иілгіш құбыршектің ұштығын (8) ауатартқыш
саңылауға (10) бекіткіштер іске қосылғанға
дейін тығыңыз (9).
•
Иілгіш құбыршекті (7) шешіп алу үшін
бекіткіштерге (9) басыңыз және ұштығын (8)
ауатартқыш саңылаудан (10) суырыңыз.
Телескопиялық түтікті және қондырмаларды
қосу
•
Телескопиялық ұзартқыш түтікті (4) иілгіш
құбыршек қолсабына (5) қосыңыз (сур. 1).
•
Алдын
ала
бекіткішке
(3)
басып,
телескопиялық түтіктің астыңғы бөлігін қажетті
ұзындыққа шығарыңыз.
•
Қажетті қондырманы – еденге/кілем
жабындыларына арналған қылшақты (1),
құрамдастырылған саңылаулық қондырмасын
(27) немесе жиһаз қаптауын тазалауға
арналған қондырманы (28) таңдаңыз – және
оны телескопиялық ұзартқыш түтікке (4)
қосыңыз (сур. 2).
•
Қажет болғанда қондырмаларды (27, 28)
тікелей иілгіш құбыршектің қолсабына (5)
қосуға болады.
ҚЫЛШАҚ-ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Еденге/кілем жабындыларына арналған
қылшақ (1)
Қылшақтағы (1) ауыстырғышты (2) қажетті
«ЕДЕН/КІЛЕМ» күйіне (жинастыру жүргізіліп
жатқан беттің түріне байланысты) орнатыңыз.
Құрамдастырылған саңылаулық
қондырма (27)
Саңылауларға
арналған
қондырма
радиаторларды, саңылауларды, бұрыштарды
немесе диван жастықтарының арасындағы
кеңістікті тазалауға ғана емес, сонымен бірге
жиһаз бетіндегі шаңды жинау үшін де арналған,
осы ретте қылшақта (27) түктің болуы жиһаздың
жалтыратылған бетінің бүлінуіне жол бермейді.
Жұмыс кезінде қылшақты қажетті күйге орнатыңыз.
Жиһаз қаптауын тазалауға арналған
қылшақ (28)
Қылшақ-қондырма (28) жұмсақ жиһаздың маталы
беттерін тазалауға арналған.
Шаңжинағыш-контейнер (11)
Шаңжинағыш-контейнер (11) циклондық сүзгімен
(19) жабдықталған, ол кірген ауадан қоқыс
пен шаңды елеп алады, ал сүзгілер блогі (16)
соңында шаңның ең ұсақ бөлшектерін ұстап
қалады.
Ескертпе: - әрқашан сүзгілер блогінің (16)
тазалығын қадағалаңыз, себебі шаңсорғыш
жұмысының тиімділігі соған байланысты.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру шаралары
•
Қатты қыздырылған беттердің тікелей
маңында, мысалы, күлсауыттар жанында,
сонымен
қатар
жылдам
тұтанатын
сұйықтықтарды
сақтау
орындарында
шаңсорғышпен жинауды іске асырмаңыз.
•
Жинауды
бастау
алдында
еденнен
құрылғының зақымдануына жол бермеу үшін
үшкір заттарды алып тастаңыз.
•
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың сору
қуаттылығы кенет төмендеп кетсе, оны дереу
сөндіріңіз және телескопиялық түтікті (4)
немесе құбыршекті (7) қоқыстануға қатысты
тексеріңіз. Шаңсорғышты сөндіріңіз, содан
кейін оны электр желісінен ажыратыңыз,
қоқыстануды жойыңыз, және осыдан кейін
ғана жинастыруды жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУЫ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты орнатылған
контейнер-шаңжинағышпен
(11)
және
оған орнатылған сүзгілер блогімен (16),
сонымен қатар орнатылған шығу (26) HEPA-
сүзгісімен ғана қосуға болады. Шаңсорғышты
қосу алдында сүзгілердің (16, 26) болуын
және орнату дұрыстығын міндетті түрде
тексеріңіз.
•
Жұмысты бастар алдында желі бауын қажетті
ұзындыққа тартыңыз және желі бауының
ашасын электр розеткасына қосыңыз.
•
Желі бауындағы сары белгі желі бауының
максималды ұзындығы екенін ескертеді. Желі
бауын қызыл белгіден әрі тартуға тыйым
салынады.
•
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/сөндіру (24)
пернесіне басыңыз.
•
Жұмыс барысында сору қуаттылығын сору
қуаттылығының электрондық реттеушісімен
(21), немесе иілгіш құбыршектің қолсабында
(5) орналасқан сору қуаттылығының қол
реттеушісі (6) арқылы реттей аласыз.
•
Үй-жайдағы жинастыруды аяқтағаннан кейін
қосу/сөндіру пернесіне (24) басыңыз және
желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
IM VT-1860_Klaipeda.indd 15
9/25/19 3:52 PM