20
ҚАЗАҚ
6. Ионизация режимін қосу үшін «Ozone»
батырмасын (6) басыңыз, сол кезде
дисплейде (7) пиктограмма (25) жанады.
Ионизацияны сөндіру үшін «Ozone»
батырмасын (6) тағы басыңыз, сол кезде
пиктограмма (25) сөнеді.
7. Суды ысыту режимін қосу үшін
«Heating» батырмасын (1) басыңыз,
сол кезде дисплейде (7) пиктограмма
(22) жанады. Бұл режимде буланатын
су алдын-ала ысытылады, бұл судың
зарарсыздандырылуына көмектеседі
жəне оның булануының жеңілдігін
қамтамасыз етеді.
Ескерту: - бұл қызметтің іске қосылуы
дисплейдегі (7) бөлмелік температура
(27) мен ылғалдылық (28) көрсетілімдерін
біршама деңгейде өзгертуі мүмкін.
8. Сіз ылғалдатқыштың жұмыс істеу
уақытын «Timer» (2) таймер батырмасы
көмегімен орната аласыз. Батырманы
(2) баса отырып, дисплейде (7) сандық
көрсетілім (24) түрінде көрсетілетін
ылғалдатқыштың 1-ден 12 сағатқа дейінгі
қажетті жұмыс істеу уақытын орнатыңыз.
9. «Max/Min» «будың» шығу
қарқындылығын белгілеу батырмасымен
(3) сіз дисплейде (7) өзгеретін
пиктограмма (26) түрінде көрсетілетін
қажетті қарқындылықты белгілей аласыз.
Ескерту:
- егер ылғалдатқыш бөлмедегі
ылғалдылықты автоматты ұстап тұру
режимінде жұмыс істеп тұрса, онда
«будың» шығу қарқындылығын реттеу
автоматты жүзеге асырылады.
10.Бөлмедегі ылғалдылықты автоматты
ұстап тұру режимін іске қосу үшін
«Humidity» батырмасын (4) басыңыз,
дисплейде жанып-сөнетін «Setup»
белгішесі пайда болады, батырманы
(4) қайталап басып бөлмедегі
ылғалдылықтың қажетті мəнін орнатыңыз
(45-тен 90%-ға дейін, белгілеу қадамы
5%). Ылғалдылықты автоматты ұстап
тұру режимінде дисплейде (7) «Setup»
белгішесі жанып-сөнеді, температура
(27), бөлмедегі ылғалдылық (28) жəне
«будың» шығу қарқындылығы (26)
жанады. Белгіленген ылғалдылық мəнін
көру үшін «Humidity» батырмасын (4) бір
рет басыңыз, дисплейде (7) орнатылған
ылғалдылықтың жанып-сөнетін мəні
көрінеді, 5 секундтан кейін дисплейдегі
ақпарат бұрынғы режимге оралады.
Бөлмедегі ылғалдылықты автоматты
ұстап тұру режимін сөндіру үшін
«Humidity» батырмасын (4) қажетті сан
рет басыңыз, ылғалдылықтың 90% мəнін
өткеннен кейін «Setup» белгішесі сөнеді.
11. Жұмыс істеп болғаннан кейін «Power»
батырмасын (5) басып аспапты
сөндіріңіз, сол кезде дисплейде (7)
пиктограмма (21) жанады, бөлмедегі
температура (27) жəне ылғалдылық (28)
көрсетіледі.
12. Сауыттағы (11) су біткен кезде
ылғалдатқыш автоматты сөнеді,
дисплейде (7) пиктограмма (23) жанады
жəне сіз дыбыстық сигнал естисіз.
Ескерту: сауыттағы судың көлемін бағалауға
сізге көмескілеу шамы (18) көмектеседі.
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТЫ (19)
Ылғалдатқышты қолайлы басқару үшін
қашықтан басқару пультын пайдаланыңыз.
Батареялық бөлікте оқшаулағыш төселім
болған жағдайда, оны алып тастаңыз,
қоректендіру элементі жеке жеткізілсе, онда
алдын-ала бекіткішке басып қоректендіру
элементі ұстағышын шығарыңыз, үйектілікті
қатаң сақтай отырып қоректендіру
элементін ұстағышқа салыңыз,
қоректендіру элементінің ұстағышын
қашықтан басқару пультына салыңыз.
Ылғалдатқыштың қашықтан басқару
пультындағы батырмалардың басқару
тақтасындағы батырмаларына
сəйкестігі:
29. Іске қосу/ажырату батырмасы - «Power»
(5).
30. Ионизация режимін іске қосу/ажырату
батырмасы - «Ozone» (6).
31. Суды ысыту режимін іске қосу/ажырату
батырмасы - «Heating» (1).
1764.indd 20
1764.indd 20
04.06.2010 14:11:18
04.06.2010 14:11:18