34
ҚАЗАҚ
Сабын
Сабын балқып кетеді жəне қысқа толқынды пештің жұмыс
камерасын ластайды.
Ағаш
Ағаш ыдыс кеуіп қалады, жарылады жəне тұтанады.
СУРЕТТЕМЕ
1. Құрсаулау жүйесі бар құлыптар
2. Қарау терзесі
3. СВЧ-толқындарының шығуы
4. Шыны төсемнің тіреуіші
5. Аунақшалы сақина
6. Шыны төсем
7. Басқару панелі
8. Грильге арналған торы тек “гриль” күйінде пайдаланылады
Басқару панелі
1 – дисплей
2 – «Гриль/Құрамд» тетігі
3 – «Салмағы/уақыты бойынша жібіту»
4 – «Стоп/Болдырмау» тетігі
5 – «Старт/+30 сек/Растау» тетігі
6 – сандық тетіктер
7 – «Мəзір» тетігі
8 – «Сағат/Орнату» тетігі
9 – «Auto reheat» тетігі
10 – «Қысқа толқындар» тетігі
Қысқа толқынды пешті жинау
Пештің жұмыс камерасынан қаптама материалы мен керек-жарақтарын алып тастаңыз.
Қысқа толқынды пештің деформациясының болмауын тексеріңіз. Пештің есігінің дұрыс
жабылуына аса назар аударыңыз Ақауларды тапқан кезде қысқа толқынды пешті
орнатпаңыз жəне қоспаңыз.
Қорғаныш жабындысы
Корпус: егер қорғаныш пленкасы болса, онда оны корпустың бетінен алып тастаңыз.
Жұмыс камерасының ішіндегі ақшыл-сұр слюдалы пластинаны алмаңыз, себебі ол
магнетронды қорғау үшін қызмет етеді.
Шыны төсемді орнату
1. Шыны төсемнің (4) тіреуін жұмыс камерасының түбінде орналасқан саңылауға
орнатыңыз.
2. Аунақша сақинаны (5) жұмыс камерасының түбіне орнатыңыз.
3. Шыны төсемді (6) ондағы дөңесті тіреу саңылауына біріктіріп абайлап орнатыңыз.
Ешқашан шыны төсемді астын жоғары қаратып орнатпаңыз.
• Пеш жұмыс істеп тұрған кезде шыны төсемнің айналымына кедергі жасамаңыз.
• Тағамды дайындау кезінде үнемі шыны төсемді, аунақша сақинаны жəне төсем
тіреуін пайдаланыңыз.
• Тағамды жəне тағамды əзірлеуге арналған ыдысты тек шыны төсемге орналастыру
керек.
• Шыны төсем сағат тілімен/тіліне қарсы айнала береді – солай болуы керек.
• Шыны төсемде жарықтар мен опырылымдар пайда болған кезде оны дереу
ауыстырыңыз.
34
1682.indd 34
1682.indd 34
09.04.2010 14:23:40
09.04.2010 14:23:40
Downloaded From Microwave-Manual.com Manuals