19
ҚазаҚша
Ескерту:
–
егер эспрессо кофесін әзірлеу уақытында
әзірлеуді тоқтату қажеттілігі туындаса,
бұл жағдайда батырманы (11 немесе 12)
қайталап басыңыз.
–
кофені қайталап әзірлеу 2-3 минут
аралықпен жасау ұсынылады;
–
табандықтың (6) толуын қадағалаңыз,
суды мезгілімен төгіп және табандықты
(6) жуып тұрыңыз.
•
« »
батырмасын
(13)
басып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
•
Кофебұқтырғыштың салқындауын күтіңіз
және ұстауыш (7) тұтқасын сол жаққа
тірелгенге дейін бұрап, сүзгі ұстауышын (7)
шешіңіз. Үгетілген кофенің қалдықтарын
жойыңыз және сүзгіні (15 немесе 16)
жуыңыз. Кофе қалдықтарын шығарған
кезде ыңғайлы болу үшін ұстаушыны (8)
пайдаланыңыз, оның көмегімен сүзгіні (15
немесе 16) ұстауыштан (7) түсіп кетпеуі үшін
бекітуге болады.
КАПУЧИНО ӘЗІРЛЕУ
Назар аударыңыз! Опасайтесь ожогов
выходящим горячим паром из трубки-
капучинатора (4) и съёмного наконечника (5).
•
«ЭСПРЕССО
ӘЗІРЛЕУ»
тарауында
сипатталғандай, сүттен немесе кілегейден
бұлғанған көбікті қосу үшін көлемі жеткілікті
ысытылған тостаққа кофе әзірлеңіз.
Ескерту:
–
эспрессо кофесінің қажетті мөлшерін сүт
көбігін бұлғауға дейін әзірлеу ұсынылады,
себебі бу беру режимінде бойлердегі су
эспрессо кофесін әзірлеуге арналған судың
температурасынан анағұрлым жоғары
қызады, нәтижесінде дайын сусынның
мүлдем басқа дәмі болуы мүмкін;
–
эспрессо кофесін қайталап әзірлеуді сүт
көбігін әзірлегеннен кейін 5 - 10 минуттан
кейін жалғастыру ұсынылады;
–
судың температурасының төмендеуінің
уақытын қысқартуға болады, бұл үшін
тостақты сүзгі ұстаушының (7) астына
қойыңыз (кофеге арналған сүзгіге (15
немесе 16) үгетілген кофе салмаңыз) және
«
» батырмасын (10) басып, қолмен су
беруді іске қосыңыз, тостақ толғаннан
кейін су беруді сөндіру үшін батырманы (10)
қайталап басыңыз.
•
« » бу беруді іске қосу батырмасын (9)
басыңыз және батырманың (9) көмескілеуі
жанып-сөнуін тоқтатуын және тұрақты
жануын күтіңіз.
•
Ұштаманың (5) астына сәйкес тостақты
қойыңыз, «OFF--+» бу беру реттегішін (3)
ұқыпты бұраңыз және су мен конденсат
қалдықтарын түтік-капучинатордан (4)
төгіңіз, шығып жатқан будың біркелкі және
сусыз екеніне көз жеткізіңіз.
•
«OFF--+» бу беру реттегішін (3) «OFF»
күйіне белгілеп сөндіріңіз
•
Ұштаманы (5) салқын сүт немесе кілегей
құйылған ыдысқа матырыңыз, ұштама (5)
ыдыстың түбіне тимеуі керек, кері жағдайда
будың шығуы қиындайды.
•
«OFF--+» бу беру реттегішінің (3) тұтқасын
баяу бұраңыз және бу беруді толық
ашыңыз.
Ескерту:
- сүттің шайқалып төгілуіне жол
бермеу үшін әрқашан ұштаманы (5) сүттің
бетінен 1 см артық тереңдікке матырыңыз.
•
Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт
көбігінің пайда болуына септігін тигізеді, сүті
бар ыдысты ұштамаға (5) қатысты сүт көбігі
пайда болғанға дейін мезгілімен көтеріп
және түсіріп тұрыңыз.
•
Шығып жатқан бумен жұмыс істеген уақытта
сақ болыңыз, сүт көбігін алғаннан кейін
реттегіш (3) тұтқасын «OFF» күйіне белгілеп,
бу беруді жабыңыз.
•
Сүт көбігін бұқтырылған кофеге қосыңыз.
•
« »
батырмасын
(13)
басып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
Ескерту:
- сүт көбігін алу үдерісі -- бұл өнер.
Бірінші реттен көбік шықпауы да мүмкін,
қам жемеңіз және жақсы нәтижеге қол
жеткізгенге дейін тәжірибе жасаңыз.
Маңызды:
–
Көбікті әзірлеуге арналған сүт балғын және
консервантсыз болуы маңызды, яғни, ұзақ
сақталатын сүт болмауы керек.
–
Майлылығы 4%-дан 6%-ға дейінгі дәстүрлі
майы айырылмаған сүтті пайдалану
ұсынылады, кілегейдің майлылығы 10%-дан
аз болмауы керек.
–
Сүтті немесе кілегейді бұлғағаннан кейін
түтік-капучинаторды (4) және ұштаманы
(5) бірден тазалаңыз – бұл үшін түтік-
капучинаторды (4) ұштамамен (5) суы
бар стаканға салыңыз, бу беру реттегіші
тұтқасын (3) «--+» күйіне белгілеп, бу
беруді іске қосыңыз, содан кейін реттегіш
(3) тұтқасын «OFF» күйіне белгілеп, бу
IM VT-1526.indd 19
28.12.2017 16:03:22