![Vitek VT-1353 Manual Instruction Download Page 29](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-1353/vt-1353_manual-instruction_1035577029.webp)
29
ҚАЗАҚША
шашын түзетіңіз. Машинаны күшпен баспаңыз,
ашық жүздер (1) терімен жанасқан кезде жарақат
алуы немесе кесіп алуы мүмкін.
Конус тәрізді шаш қырқу
Қажетті қондырма-тарақты орнатыңыз және шашты
қырқуды бастың артқы жағынан төбесіне қарай
бастаңыз. Бастың алдыңғы бөлігіндегі шашты төбе
бағытына қарай және самай шаштарды олардың
өсуіне қарсы бағытта қырқыңыз. Төбесі жалпақ
шаш үлгісін қию үшін тарақты пайдаланыңыз: шаш
тарамдарын көтеріңкіреп отырып тарақ бойымен
қырқыңыз. Тегіс емес тарамдарын табу үшін шашты
тарақпен тараңыз.
Шаш қырқуды аяқтап, машинаны өшіріңіз, ол үшін
қуаттандыру сөндіргішін (4) төменгі күйіне орнатып,
желі бауының ашасын розеткадан суырыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Жүздерді майлау
Жүздерді (1) қолданғаннан кейін және шаш қырқатын
машинаны әр қолданар алдында қырқуға арналған
машинаны, жеткізу жиынтығына кіретін маймен (11)
майлау қажет.
–
Сөндіргіштің (4) көмегімен машинаны өшіріңіз
және электр розеткасынан желі бауының ашасын
суырыңыз.
–
Майдың (11) бір-екі тамшысын жүздердің (1)
тістеріне және жоғарғы жүздердің артқы бөлігіне
жағыңыз, машинаны іске қосыңыз және ұстаралар
жүрісінің жатықтығына көз жеткізіңіз.
–
Аспапты сөндіріңіз, артық майды құрғақ матамен
сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Жеткізілім жиынтығына кіретін
майды (11) ғана пайдаланыңыз. Майлау үшін өсімдік
майын, тоң майды, еріткіштер қосылған майлар
қоспасын ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Еріткіштер булануға
душар, одан кейін қалған қою май жүздердің қозғалу
жылдамдығын баяулатуы мүмкін.
Шаш қырқатын машинаны тазалау
–
Машинаны сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
–
Жүздерден (1) қиылған шаштардың қалдықтарын,
қылшақты (12) пайдаланып жойыңыз.