
26
ҚАЗАҚША
реттегішті (2) бірнеше рет жоғарғы күйден төменгі
күйге ауыстыру керек, немесе керісінше, бұл
қысылып қалған шашты жүздерді (1) шешпей
босатуға көмектеседі.
–
Шаш қырқатын машина қосулы болғанда
реттегішті (2) жоғарғы күйден төменгі күйге, немесе
керісінше бірнеше рет жылжытыңыз, осылайша
жүздерден (1) қиылған шаштарды алып тастауға
болады.
–
Егер қырқу кезінде машина шашты жұлатын болса,
онда бұл жүздердің (1) өтпей қалғанын білдіреді,
және оларды жаңасына ауыстыру керек.
Майлауға арналған май
–
Бірінші қолданар алдында жүздерде (1) майлауға
арналған майдың болуын тексеріңіз, және қажет
болған жағдайда оларды жеткізу жиынтығына кіретін
(11) маймен майлаңыз. Жүздердің (1) тазалығы мен
оларда майлағыш майдың болуын қадағалаңыз.
–
Өсімдік майын немесе құрамына еріткіштер кіретін
майларды пайдаланбаңыз. Еріткіштер булануға
душар, ал қалған қою май жоғарғы жүзінің (1) қозғалу
жылдамдығын баяулатуы мүмкін.
ШАШ ҮЛГІСІН МОДЕЛЬДЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шаш қырқатын машинаны әрбір қолданар алдында,
жүздерін (1) шаштан, шаңнан немесе кез келген
бөгде қоспалардан тміндетті түрде азалаңыз, сондай-
ақ жүздерді (1) майлаңыз және олардың реттелуін
тексеріңіз.
• Шаш алу кезінде шаш таза және құрғақ болуы керек.
• Құаттандыру блогының желілік бауын (14) барлық
ұзындығына орамнан тарқатыңыз.
• Желі бауының ашасын электр розеткасына тығыңыз.
• Қырқуды бастар алдында машинаны қосыңыз, ол
үшін сөндіргішті (4) жоғарғы күйге ауыстырыңыз,
корпуста машина зарядының пайыздық мәні бар
LED-дисплей (13) жанады. Жоғарғысы – % зарядталу
мәні, төменгісі % заряд қалдығының мәні. Машина
іркіліссіз жұмыс істейтініне, ал жүздерінің жүрісі
(1) – жұмсақ екеніне көз жеткізіңіз. Жүздерінде (1)
майлайтын май артық болғанда, сөндіргішіті (4)
төменгі күйіне ауыстырып, машинаны сөндіріңіз,
және артық майды құрғақ матаның көмегімен
жойыңыз.