KAZAKH
KAZAKH
32
33
1 сурет. Тостағанның толтырылғандығының минималды және максималды деңгейі
Пісірілу барысында көлемі өсетін азықтар үшін, максималды деңгейдің белгісі
3/5 белгісінен аспауы тиіс!
2 сурет: Көлемі өсетін азықтарды пісіру кезіндегі тостағанның толтырылуының максималды деңгейі
Ескерту:
тағам біртекті пісірілуі үшін, ол толығымен суға батырылуы тиіс, әйтпесе, судың
деңгейінен жоғары тұрған азық пісірілмей қалуы мүмкін.
3. Тостағанды құралға орнатардан бұрын, Ішкі жабын мен Қыздыру элементтерінің беттерінде
ешқандай ластанулардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Ластанулар болған жағдайда,
Құралдың ішкі жабыны мен Қыздыру элементін таза, сәл дымқыл шүберекпен сүртіп тазалап,
жете кептіріңіз.
4. Азықтар салынған Тостағанды шетінен екі қолмен абайлап алып, ұқыптап басып, оны
орнатыңыз. Тостағанды орнатқаннан кейін, ол құралда түзу орналасатындай етіп, суретте
көрсетілгендей ақырын бұраңыз.
3 сурет: Құралдағы тостағанды орнату
5. Ары қарай Қақпақты саңылау қалтырмай жабу керек, ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
•
Құралдың қақпағының ішкі бетінде иілгіш шығыршықты орнатыңыз.
•
Егер Тығыздауыш шығыршық нашар бекітілсе немесе дұрыс орнатылмаса, оны Ішкі болат
шығыршықта тиісінше бекітіңіз.
•
Ары қарай Қақпақты Тұтқасынан ұстап, онымен құралды жабыңыз, Қақпақты сағат тіліне
қарсы, тірелгенге дейін бұрыңыз. Қақпақ қажетті күйде берік бекітілді.
6. Қосудан бұрын Қысымды төмендету реттегішін «саңылаусыз» күйіне орнатуды ұмытпаңыз,
бұл күйде ауа құралдан шыға алмайды, нәтижесінде, құралдың ішінде пісірудің басталуына
қажетті қысым орнатылады. Сонымен қатар, жабық клапан сұйықтықтың қайнап, азықтардың
күюіне қарсы тұрады.
Ескерту:
Қысымды төмендету реттегіші 2 күйден тұрады: “саңылаусыз” және «будың шығуы».
«Пісіру» бағдарламасы кезінде, қысымды төмендету Реттегіші «будың шығуы» күйінде болуы
тиіс.
7. Құралды электр желісіне жалғай отырып, қосыңыз, бұл кезде дисплейде «00:00» пайда
болады.Тенді пісіру параметрлерін қою керек.
Қосылу таймері
Пісірудің басталу уақытын кейінге қалтыру қажеттілігі болмаса, бұл қадамды өткізіп, келесіге
ауысыңыз.
Дайындау үдерісі бірден емес, біраз уақыттан соң басталуын қалаған жағдайда, Сіз қосылу
таймерін пайдалана аласыз. Бұл кезде жұмысқа дайындалған жылдам пісіргіш қойылған уақыт
өткеннен кейін тағамды дайындай бастайды; ол үшін жылдам пісіргішті қоса салысымен,
(дайындау бағдарламасын таңдағанға ДЕЙІН) «Уақытты орнату» батырмасын басу керек. Бұл
батырманың көмегімен қажетті уақытты орнатыңыз. Мысалы, егер көрсетілген мін - «4:00»
болса, тағамның пісірілуі 4 сағаттан кейін басталады. Тағамның пісірілуін кейінге қалтырудың
макисмалды уақыты 24 сағатты құрайды.
8. Пісіру параметрлерін орнату. Басқару панелінде оның көмегімен Сіз азықтың түріне
байланысты, дайындалу бағдарламасын қоя алатын мәзір бар. Дайындауды бастау үшін,
қажетті азыққа сәйкес келетін батырманы басыңыз. Мысалы, күрішті пісіру үшін, «Күріш»
батырмасын басу керек.
Ескерту:
бағдарламалардың азықтардың сипаттамаларының орта мәнінің негізіне есептелгенін
есте сақтау керек, олар: қаттылық деңгейі, пісу деңгейі, тағамның пісуінің қалаулы дәрежесі,
кесектер мөлшері және т.б., сондықтан да, берілген бағдарламаларға негізделе отырып,
дайындалу уақытын өз талғамыңыз бойынша өзгертуді ұсынамыз.
9. Жоғары қысым астында пісіру уақытының мәнін өзгерту үшін, (+/-) «Уақытты орнату»/
«Болдырмау» батырмалары көмектеседі, мысалы: егер Сіз бадана пісірсеңіз, құрал желіге
қосылғаннан кейін, «Бұршақ тәрізділер» батырмасын басу керек, бұл кезде «P0:40» пайда
болады, бұл мән құралдың ішіндегі жоғары жұмыс қысымына қол жеткізілгеннен оның
пісуінің аяқталуына дейін 40 минут өтетінін білдіреді.
Егер бұл уақытты қысқарту керек болған жағдайда, «Болдырмау/Жылуды ұстап тұру» (-)
батырмасын, уақыттың қажетті мәнін көргенге дейін басу керек.
Егер тағамның пісірілу уақытын арттыру қажет болса, «Уақытты орнату» (+) батырмасын
қойылған тәртіптеме диапаонының шегінде, сізге қажетті мәнге дейін басыңыз. Мысалы,
«Бұршақ тәрнізділер» тәртіптемесі үшін – бұл 20 – 60 минут.
Маңызды!
Уақытты өзгерту мен нақты азықтың батырмаларын басу арасындағы уақыт
3 секундтан аспауы тиіс, олай болмағанда, дайындау үдерісі, Сіздің уақытты түзетуіңізді
«күтпестен» басталып кетеді.
Ескерту:
қажетті азықтың батырмасын басу уақытынан кейін көрсетілетін уақыт – Рх:хх –
дайындаудың бүкіл үдерісінің ұзақтығына тең емес, себебі пісіру басынан бастап тағамды
дайындауға қажетті, құралдың ішіндегі жоғары қысымға жетуге дейінгі кезеңді қоспайды.
қысымды төмендетудің жабық Реттегішінде қысымды жинау үдерісі тостағанның толтырылуына
байланысты, 5 – 25 минут уақыт алуы мүмкін.
Егер Сіз дайындағыңыз келген тағам басқару панеліндегі тағамдарды таңдау Батырмаларының
мәзіріндегі тағамдардың ешбір тобына жатпайтын болса, сипаттамалары бойынша жақын топты
таңдау қажет және қажеттілік болса, жоғары қысымда пісіру уақытын өзгерту керек (РХ:ХХ).
10. Іштегі қысым қажетті деңгейге жеткеннен кейін, пісірудің кері есебі басталады.
11. Дайындау үдерісі аяқталғаннан кейін (дисплейде көрсетілген уақыт біткеннен соң),
Summary of Contents for USP-1070D
Page 1: ...ELECTRIC PRESSURE COOKER USP 1070D...
Page 7: ...RUSSIAN RUSSIAN 12 13 220 240 50 UNIT 24 24 UNIT UNIT UNIT 1 2 3 4 1 2 3 4 5...
Page 11: ...RUSSIAN RUSSIAN 20 21 9 P0 40 40 20 60 3 5 25 10 11 3 00 00 24 1 1 2...
Page 14: ...KAZAKH KAZAKH 26 27 24 24 UNIT UNIT UNIT 220 240 50 UNIT 1 2 3 4 5 USP 1070D 1 2 3 4...
Page 17: ...KAZAKH KAZAKH 32 33 1 3 5 2 3 4 3 5 6 2 7 00 00 4 00 4 24 8 9 P0 40 40 20 60 3 5 25 10 11...