Micro Urban Large
Tupperware
®
Micro Urban Large
өнімін таңдағаныңыз үшін
алғыс білдіреміз. Осы бірегей, ықшам және көп мақсаттық
микротолқынды пеште пісіру шешімі тағамды булауға, сонымен
қатар пастаны, күрішті және басқа дәнді дақылды пісіруге
мүмкіндік береді. Осы әмбебап тамақ әзірлегіш құрал аз орын
алып қана қоймай, біреудегі үш құралмен қамтамасыз етеді.
Тез және оңай дайындалатын дәмді, пайдалы әрі нәрлі
тағамдардың рахатын отбасыңызбен көріңіз!
Пісіру және өлшеу туралы нұсқаулар негізде (A1 сур.), қорғаныш
қақпақта (A4 сур.), дән енгізбеде (A5 сур.) және дән қақпағында
(A6 сур.) ойып жазылған.
макс. 900 Вт мин. 0°C
макс 30 мин. макс. 120°C
asDfGJHM
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш машинаны төмен
температуралы бағдарламаға қойып қолданыңыз.
1. Негізгі сипаттамалары мен артықшылықтары:
Үлкен Tupperware
®
Micro Urban бұйымы тағамдарды әзірлеу
ісінде жеңіл, жылдам әрі ықшам шешімдерге деген сұранысты
қамтамасыз ету үшін жасалды. Бұл ақылды өнімде микротолқынды
пеште оңтайлы пісіру және булау нәтижелерін беретін әртүрлі
технологиялар мен материалдар қамтылған:
•
Қабаттап буға пісіру (пісіру туралы нұсқауларды «3.1 Буға
пісіру» бөлімінен көріңіз): көкөніс, жеміс, балық және құс еті
сияқты әр түрлі балғын немесе қатырылған тағам түрлерін буға
пісіріңіз. Бұл құрал микротолқынды пештің негізге қабатталған
шұңғыл дуршлагқа кіріп кетуіне жол бермеу арқылы буға дұрыс
пісуіне мүмкіндік береді. Микротолқынды пеш негіздегі (A1 сур.)
суды ғана қыздырып, шұңғыл дуршлагқа салынған тағамды
тамаша етіп пісіретін бу шығарады. Құрал екі түрлі тағамды бір
уақытта пісіруге ыңғайлы: Тайыз дуршлагты (А3 сур.) шұңғыл
дуршлагтың (А2 сур.) үстіне орналастырып, шұңғыл дуршлагты
тайыз дуршлагқа қойыңыз.
•
Күріш пен басқа дәнді дақылды пісіру (пісіру нұсқауларын
«3.2 Күріш пен басқа да дәнді дақылды пісіру» бөлімінен көріңіз):
күріш пен басқа да дәнді дақылды мінсіз етіп пісіріңіз. Дән енгізбесі
(А5 сур.) мен дән қақпағы (А6 сур.) бірге пайдаланылатын бірегей
әдіс тасып ағатын табиғи көбіктің жоғарғы қақпақтың томпақ
кескінді ойығына жиналып, күріш бөлгіш енгізбе арқылы негізге
қайта құйылуына мүмкіндік жасайды.
•
Қысқа паста пісіру (пісіру нұсқауларын «3.3 Паста пісіру»
бөлімінен көріңіз): бұйым қысқа пастаның әр түрін оңай және
жылдам әзірлеуге мүмкіндік береді.
2. Бұйым бөліктерінің сипаттамасы (А сур.):
Құралдың бөлшектері:
•
A
негізі
(1): 3 л толық сыйымдылығымен пастаны, күрішті және
басқа да дәнді дақылды буға немесе әдеттегідей пісіру үшін
пайдаланылады.
•
Шұңғыл дуршлаг
(2): көкөніс, жеміс, балық және құс еті сияқты
ингредиенттерді булауға қолданылады, ол микротолқындарды
бұғаттап, тағамды тек бумен пісіруге жағдай жасайды. сондай-ақ
ол пастаны сорғытуға қолданылады, одан кейін беті жабылған,
бос негізде жылы күйінде сақтауға болады.
•
Тайыз дуршлаг
(3): қабаттап буға пісіру кезінде тағамдарды
нәзік және жұмсақ күйінде сақтауға арналған.
•
Қорғаныш қақпақ
(4): оңтайлы пісіру үшін, ол микротолқындарды
бұғаттап, буды шұңғыл дуршлаг ішінде ұстайды.
•
Дән енгізбесі
(5): күріш пен басқа да дәнді дақылды пісіру үшін
пайдаланылады, пісіру барысында шығатын көбік мөлшерін
азайтады.
•
Дән қақпағы
(6): күріш пен басқа да дәнді дақылды пісіру
үшін пайдаланылады, микротолқынды пештегі сұйықтық пен
тағамның тасып кетуіне жол бермейді.
3. Тағам әзірлеу нұсқаулары:
3.1 Буға пісіру (В сур.):
Буға пісіру үшін,
негіз
,
шұңғыл дуршлаг
,
тайыз дуршлаг
(тек қабаттап буға пісірген кезде) және
қорғаныш қақпақ
пайдаланыңыз.
•
Негізді буға пісіру логотипінің (
) (B 1 сур. қараңыз) астында
орналасқан 400 мл | 1¾c толтыру сызығына дейін салқын
сумен толтырыңыз.
•
Судың орнына шәрбат, май, құрамында майы бар зат немесе
құрамында қант, май немесе спирт (ақ шарапты қоспағанда,
ең көбі 100 мл су орнына ақ шарап қолдануға болады) бар
сұйықтықты пайдаланбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ:
Негізге әрқашан тиісті су мөлшерін құйыңыз және
оның ешқашан бос болмауын қадағалаңыз. Олай етпесеңіз,
негізі балқып кетуі мүмкін. Шамадан тыс толтырсаңыз, тағам
сұйықтыққа батып, буға дұрыс піспеуі мүмкін.
•
Негізді, шұңғыл дуршлагты, тайыз дуршлагты (қосымша;
қабаттап буға пісіру үшін) және қорғаныш қақпақты әрқашан
дұрыстап құрастырыңыз (В 2 сур. қараңыз).
•
Тайыз дуршлагты ешқашан шұңғыл дуршлагпен және
қорғаныш қақпақпен қолданбаңыз.
•
Буға пісіргіңіз келген тамақты шұңғыл дуршлагқа және тайыз
дуршлагқа (тек қабаттап буға пісіру үшін) салыңыз.
•
Қабаттап буға пісіру кезінде ұзақ пісетін ингредиенттерді
шұңғыл дуршлагқа (төменгі дуршлагқа) салып, балық немесе
ет сияқты жұмсағырақтарын тайыз дуршлагқа (жоғарғы
дуршлагқа) салыңыз.
•
Шұңғыл дуршлагты немесе тайыз дуршлагты шамадан тыс
толтырмаңыз; дуршлагтардың дұрыс қабатталғанын (шеттері
тігінен дұрыс тураланған және еңкейіп тұрған бөліктері жоқ)
және қорғаныш қақпағының дуршлагты толығымен жауып
тұрғанын тексеріңіз.
Summary of Contents for Micro Urban Large
Page 1: ...Micro Urban Large 2017 Tupperware All Rights Reserved...
Page 2: ...1 2 3 4 5 6 A...
Page 3: ...1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6 B C D...
Page 4: ...E F G...