Insulated Eco Bottle
KK
Сізді Tupperware компаниясының сусындарыңызды жылы немесе
салқын күйінде сақтауға арналған сәнді құтыны таңдағаныңызбен
құттықтаймыз.
Пайдалану, және күтім көрсету жөніндегі нұсқауларды мұқият
оқысаңыз және орындасаңыз, сәнді құтыны көптеген жылдар бойы
рақаттанып пайдаланатын боласыз.
alSDFGJMH
Құрамы:
(a) Оқшауланған қақпақ
(b) Тығыздағыш
(c) Термоқұты
(d)Сырғымайтын төсеме
Пайдалану және күтіп ұстау:
•
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, жылы сусындар үшін
термоқұтыға алдымен ыстық (қайнап тұрған емес) суды құюға
ұсынамыз, ал салқын сусындар үшін суық суды құю арқылы
алдын ала суыту ұсынылады.
• Ыдысты тым толтырмаңыз. Ыдысты бұрандадағы ойықтан
асырмай толтырыңыз, және оқшауланған қақпақты жабуға
болатындай етіп орын қалдырыңыз.
Тазалау жөніндегі нұсқаулар:
• Жаңа өнімді алғашқы пайдалану алдында әрқашан жуыңыз.
• Әрбір қолданғаннан кейін өнімнің барлық бөлшектерін әрқашан
тазалап тұрыңыз.
• Термоқұтыны (с) ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Тек
қолмен жуыңыз.
• Термоқұтыны жылы сумен және жуғыш сұйықтықты
пайдаланып қолмен жуыңыз. Жақсылап шайыңыз. Сақтауға
қояр алдында суын төгіп, әбден кептіріңіз.
• Суға батырмаңыз. Жуған кезінде қайнап тұрған суға тигізбеңіз.
• Қырғыш тазалау жөкесін немесе қырғыш тазалағыштарды
(ағартқыштарды қоса алғанда) пайдаланбаңыз, себебі олар
өнімде сызат қалдырады.
• Өнімді қолданбаған кезде әрқашан ашық күйде сақтаңыз.
• Толық тазалау үшін оқшауланған қақпақтағы (a) тығыздағышты
(b) алып тастаңыз. Жоғалтып алмау үшін, тығыздағыш кепкен
кезде бірден орнына қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
• Газдалған сусындарды сақтау, немесе алып жүру үшін
қолданбаңыз, және газдайтын құрылғыларды пайдаланбаңыз.
• Металл аспаптармен араластырмаңыз.
• Сүт өнімдерін жылы күйінде сақтау үшін қолданбаңыз, себебі
бұл жағдайларда бактериялар көбеюі мүмкін.
• Тасымалдау кезінде қақпағын жауып, ыдысты тік ұстаңыз.
• Әсіресе ыстық нәрсе салынған кезде, балалар осы
бұйымды ересек адамның бақылауымен пайдалануы керек.
Пайдаланушы ыстық сұйықтықтардан күйіп қалуы мүмкін.
• Контейнердің өзінен тікелей ішпеңіз, себебі оның ішкі
қабырғасы ыстық болуы мүмкін.
• Ауыр соққы вакуумдық қасиетін төмендетіп, сыртқы қабатын
зақымдауы мүмкін.
• Ыстықтан не ыстық көздерінен алшақ ұстаңыз.
Tupperware міндеттемесі
Біздің өнімдер біздің айналамыздағы әлемге әсер етуді
қалайтынымызды көрсетеді. Tupperware компаниясында біз
барлық өнімдерді пластик пен тағам қалдықтарының санын
азайту мәселесін ескеріп жасаймыз. Уақыт сынақтарын өтетін
сапалы, ұзақ және қайта пайдалануға болатын өнімдерді
жасап, біз планетамыздың, адамдарымыздың және біз тұрып
жатқан және жұмыс істейтін қоғамдардың ұзақ өмір сүру үшін,
қалдықтарды азайту жөніндегі миссиямызды қолдаймыз.
Tupperware
Insulated Eco Bottle
Tupperware кепілдемесі өнімді
нұсқаулықтарға сәйкес пайдалану кезінде және әдеттегі
тұрмыстық пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген
материалдық немесе өндірістік ақауларға қолданылады.
Бұл кепілдік пайдаланылған немесе өтпейтін жүздерді
ауыстыруды, сондай-ақ өнімді ұқыпсыз не дұрыс емес пайдалану
нәтижесінде өнім тотын немесе өзге зақымын қамтымайды.
Кепілдік өнімдегі декоративті баспаның зақымдалуын қамтымайды.
Егер өніміңізге кепілдік берілсе, кепілдік берілуінің толық
сипаттамасын алу үшін еліңізде қолданылатын кепілдік
шарттарын қараңыз.
Сіздің Tupperware өніміңіз қайта-қайта пайдалануға арналған.
Қандай да бір себепке байланысты өніміңіз зақымдалып,
оған кепілдік берілмесе, немесе өніміңіз енді қажет болмаса,
мойныңызға жауапкершілік алып, оны қайта өңдеңіз, немесе
көмек керек болған жағдайда бізге хабарласыңыз.
www.tupperwarebrands.com