103
ЕСКЕРТУ!
• Егер осы оператордың нұсқаулығындағы нұсқауларды орындамасаңыз, өнімнің шуыл бәсеңдеткіші едәуір нашарлайды.
• Пайдаланушы есту мүшесін қорғау құралы немесе есту мүшесін қорғау құралы/қауіпсіздік шлемі бекітпесінің келесі жағдайларына
көз жеткізуі керек:
– бұл нұсқауларға байланысты бекітілгеніне, реттелгеніне және орнатылғанына
– әрдайым шулы ортада киілетініне
– жұмыс істеу мүмкіндігінің үнемі тексеріліп тұратынына
• Есту мүшесін қорғау құралдарын әрдайым шулы аймақтарда киіп, шулы аймаққа кіру алдында бекіту керек.
• Жастықшалардың гигиеналық қақпақтарын бекіту есту мүшесін қорғау құралдарыныңакустикалық өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
• Есту мүшелерін қорғау құралдары әдетте ескерту дыбыстары, дабылдар мен басқа да маңызды сигналдар сияқты сыртқы орта
дыбыстарын естуге мүмкіндік бермейтінін ескеріңіз. Ойын-сауық мүмкіндігін пайдаланған кезде арнайы жұмыс орнындағы ескерту
сигналының естілуі нашарлауы мүмкін. Сондықтан, есту мүшелерін қорғау құралын киген кезде, айналыңызды мұқият бақылап тұру
қажет.
• Бұл есту мүшелерін қорғау құралы тұтанғыш немесе жанғыш орталарда тұтануға әкеп соқтыратын батареялар мен электр
құрамдастарынан тұрады. Ұшқындар өртке немесе жарылысқа себеп болатын орталарда пайдаланбаңыз. Дұрыс пайдаланбаған
жағдайда, жарақат не өлімге алып келуі мүмкін.
• Өнімділік батарея пайдалануынан нашарлауы мүмкін. Батарея қуатының уақыты пайдалану режиміне және дыбыс деңгейінің
шығысына байланысты өзгереді. Радио режиміндегі FM Pro үшін шамамен 100 сағат, CutOff режиміндегі CutOff Pro үшін шамамен 200
сағат және CutOff режиміндегі CutOff Pro ЖШД үшін шамамен 500 сағат.
• Бұл есту мүшесін қорғау құралында деңгейге тәуелді шуды басу функциясы және/немесе электр аудио кірісі бар. Пайдаланушы
құрылғыны кимес бұрын, жұмыстың дұрыстығын тексеру керек. Қисаю немесе ақаулық орын алса, пайдаланушы батареяға
техникалық қызмет көрсету және оны ауыстыру бойынша өндіруші кеңесіне жүгінуі керек. (FM Pro, CutOff Pro және CutOff Pro ЖШД
үшін қолданылады)
• Есту мүшесін қорғау құралының тиімді шуды басу деңгейін есептеген кезде, радиоқабылдағыштың шығыс сигналдарына көңіл бөлу
керек. Есептелген қорытынды құлаққаптың ішіндегі A-салмақты дыбыс қысымының деңгейі 85 дБ-ден аспауы тиіс.
• Бұл есту мүшесін қорғау құралының деңгейге бағыныңқы айналымының шығысы сыртқы дыбыс деңгейінен асуы мүмкін. (CutOff Pro
және CutOff Pro ЖШД үшін қолданылады)
• Бұл есту мүшесін қорғау құралының электрлік аудио айналымының шығысы дыбыс деңгейінің бір күндік шегінен асуы мүмкін. (FM
Pro және CutOff Pro үшін қолданылады)
• Өнімді және батареяны мемлекеттік заңнамаға сәйкес кәдеге жаратыңыз.
• Есту мүшесін қорғау құралы қауіпсіздікке қатысты аудио кірісімен беріледі. Пайдаланушы пайдалану алдында, жұмыстың дұрыстығын
тексеруі керек. Егер қисаю немесе ақаулық анықталса, пайдаланушы өндірушінің техникалық қызмет көрсету кеңесін қарауы қажет.
• Есту мүшесін қорғау құралын қаптамада көрсетілген өндірілген күнінен 10 жылдан артық пайдаланбаңыз.
• Өнімді тасымалдағанда, олар химиялық және/немесе физикалық зақымданудан қорғалғанын тексеріңіз.
ШУДЫҢ БАСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР (1-кесте)
Есту мүшесін қорғау құралына арналған дыбыс басылу мәндері EN 4869-2:2018стандартына сәйкес өлшенеді. Қосымша ақпарат алу
үшін, 1-кестеге қараңыз.
Анықтама:
f = бәсеңдеу өлшенетін жиіліктер
M
f
= орташа мән
s
f
= орташа квадраттық ауытқу
APV (M
f
–s
f
) = рұқсат етілген қорғау мәні
H = жоғары жиілікті бәсеңдеу мәні (шуыл үшін болжалды шуыл деңгейінің төмендеуі, мұндағы L
C
–L
A
= –2 dB)
M = орташа жиілікті бәсеңдеу мәні (шуыл үшін болжалды шуыл деңгейінің төмендеуі, мұндағы L
C
–L
A
= +2 dB)
L = төмен жиілікті мбәсеңдеу мәні (шуыл үшін болжалды шуыл деңгейінің төмендеуі, мұндағы L
C
–L
A
= +10 dB)
SNR = Шудың басылу коэффиценті (құлақ ішіндегі A-салмақты дыбыс деңгейінің тиімділігін анықтау үшін C-салмақты деңгей, L
C,
дыбыс
қысымының деңгейінен есептелеген мән)
W = граммен өлшенген жалпы салмақ.
ШЕКТІК ДЕҢГЕЙЛЕР (4-кесте) (CutOff Pro және CutOff Pro ЖШД үшін қолданылады)
Шектік деңгейлер: Есту мүшесін қорғау құралында дыбыс деңгейі алдымен 85 дБ (А) шамасынан асатын сыртқы дыбыстың дыбыс
қысымының деңгейі. Дыбыс деңгейі максималды деңгейге орнатылған, EN352-4:2001/A1:2005, стандартына, A қосымшасына сәйкес
мәндер:
Анықтама:
H = жоғары жиілікті дыбыс қысымының деңгейі (L
C
–L
A
= 1.2 dB),
M = орташа жиілікті дыбыс қысымының деңгейі (L
C
–L
A
= 2 dB),
L = төмен жиілікті дыбыс қысымының деңгейі (L
C
–L
A
= 6 dB).
Сәйкестік декларациясы сияқты есту мүшесін қорғау құралдары туралы қосымша ақпаратты www.sordin.com веб-сайтынан немесе
Sordin AB, Rörläggarvägen 8, SE-331 53 VÄRNAMO, Sweden мекенжайынан алуға болады.
КЕПІЛДІК
Өнімге сатып алу күнінен кейін бір жыл ішінде материалдың немесе өндірістің ақаулықтарына кепілдік беріледі. Бұл кепілдік өнімді
дұрыс пайдаланбағаннан, ережелерді бұзғаннан немесе рұқсатсыз өзгерткеннен тиген зақымды қамтымайды. Шағым беру үшін, сатып
алған жерге хабарласыңыз.
Summary of Contents for left/RIGHT Active CutOff Pro
Page 1: ...PM 283 01 WWW SORDIN COM The Good Silence...
Page 2: ...left RIGHT Active...
Page 3: ...2 A1 B1 B4 B7 D G A2 B2 B5 C1 E1 B3 B B6 C2 E2...
Page 109: ...108...
Page 110: ...109...