IM020
14 SC-VC80R21
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға сенім
артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға
табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет
мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын
аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін, оны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып
шығыңыз. Дұрыс қолданбау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, материалдық нұқсан келтіруі немесе
пайдаланушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Аспапты іске пайдаланған кезде төмендегі сақтық шараларын ұстаныңыз:
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Құрылғы өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Аспапты үй-жайдың сыртында және ылғал беткі қабаттарда пайдалануға болмайды.
Аспапты жылу көздеріне (радиаторларға, жылытқыштарға және тс.с.) жақын қоймаңыз және оны тура түскен күн
сәулесінің астында ұзақ уақыт қалдырмаңыз, себебі бұл оның пластмасса бөлшектерінің пішінінің бұзылуына әкелуі
мүмкін.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты тоққа қоспаңыз.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық
анықталған жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған
жылы.
Осы құрылғыны +5 °С және 40 °С аралығындағы температуралар аралығында пайдалану қажет.
Шаңсорғыштың үстіне отыруға немесе қандай да бір заттарды қоюға тыйым салынады.
Шаңсорғышты бензин сияқты жанғыш немесе тез тұтанатын сұйық заттарды жинап алу үшін қолдануға болмайды.
Шаңсорғыш жұмыс істеп тұрғанда көшеге шығатын барлық есіктер жабық тұруы керек.
Аккумуляторды зарядтауға арналған адаптер тек үй ішінде пайдалануға арналған.
Егер адаптердің бауы немесе ашасы бүлінген болса, аккумуляторды зарядтауға тыйым салынады.
Адаптердің ашасын немесе бауын су қолмен ұстауға болмайды.
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оның ішінен аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Аккумулятордан қауіпсіздік техникасының талаптарын орындай отырып арылу қажет.
Аспапты тек онымен бірге жеткізілетін қорек блогымен бірге ғана пайдалану керек.
Аспап тек онда таңбаланған аса төмен қауіпсіз кернеуден қорек алуы керек.
АККУМУЛЯТОРДЫ ЗАРЯДТАУ
Полярлығын сақтау отырып, аккумуляторды шаңсорғыштың аккумуляторға арналған ұясына салыңыз.
Адаптердің бауының бір ұшын шаңсорғыштағы қорек ұяшығына жалғаңыз, ал екінші ұшын розеткаға жалғаңыз, бұл
орайда зарядтаудың жарық индикаторы көк түспен жыпылықтайды. Аккумулятор толық зарядталғаннан кейін
индикатор жыпылықтамастан көк түспен жанатын болады.
Summary of Contents for SC-VC80R21
Page 4: ...IM020 4 SC VC80R21...
Page 8: ...IM020 8 SC VC80R21 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40 2 Scarlett 40 L R...
Page 9: ...IM020 9 SC VC80R21...
Page 10: ...IM020 10 SC VC80R21 MAX 1 2 1 2 1 2 1 2 2 2 1 2 3 1 2 3...
Page 11: ...IM020 11 SC VC80R21 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40...
Page 12: ...IM020 12 SC VC80R21 2 Scarlett 40...
Page 13: ...IM020 13 SC VC80R21 MAX 1 2 1 2 1 2 1 2 2 2 1 2 3 1 2 3...
Page 14: ...IM020 14 SC VC80R21 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40...
Page 15: ...IM020 15 SC VC80R21 2 Scarlett 40...
Page 16: ...IM020 16 SC VC80R21 MAX...