IM019
www.scarlett.ru
SC-HB42F45
11
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз. Бұл
қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы қозғалтқыш
бөлікке орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз. Жұмысты
төмен жылдамдықтан бастаңыз.
ЖҰМЫСЫ
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Реттегіштің көмегімен қажетті жылдамдықты орнатыңыз.
Блендердің “TURBO” режимі бар (8-ші түймешік). Қуаттылығын барынша арттыру үшін TURBO түймешігін
басып ұстап тұрыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін оны босатыңыз.
ИМПУЛЬСТІК РЕЖИМ
Импульстік режим түймешігін басыңыз да, ұстап тұрыңыз – блендер осы түймешік басулы тұрғанда жұмыс
істей береді.
Өңделетін азық
Ең үлкен салмағы /
көлемі
Ең ұзақ үздіксіз өңдеу
уақыты (сек)
Бадам
100 г
15
Піскен жұмыртқа
200 г
10
Аунатуға арналған
кептірілген нан
20 г
15
Сарымсақ
150 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Сан еті
200 г
15
Жаңғақ
100 г
15
Балмұздақ
200 г
20
Мұз
4 немесе 5 текше
Қысқа-қысқа басу арқылы
Жеңіл қамыр
0,4 л
15
Пияз
200 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Ақжелкен
30 г
10
Бұрыш
0,2 л
30
Шалот пиязы
200 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Асқатықтар
0,2 л
30
Стейк
150
– 200 г
15
Грек жаңғағы
100 г
15
Мұз
200 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
ЕСКЕРІМ:
Процессордың үздіксіз жұмыс істеу уақыты 1 минуттан аспауға тиіс, ал іске қосулар
аралығындағы үзіліс 4 минуттан кем болмауға тиіс (шағын ұсатқыш 0,5 мин / 3 мин). Турбо режиміндегі
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 1 минуттан аспауға тиіс, ал іске қосулар аралығындағы үзіліс 1 минуттан
кем болмауға тиіс.
Блендер жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-жарақты ағытып алуға тыйым салынады.
Стақанның қақпағын оның беткі қабатпен сырғанауына жол бермеу үшін таған ретінде пайдалануға болады.
Бұл үшін қақпақты стақанның түбіне кигізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,
құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді
білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.