![Scarlett SC-FD421001 Instruction Manual Download Page 22](http://html.mh-extra.com/html/scarlett/sc-fd421001/sc-fd421001_instruction-manual_1208420022.webp)
IM013
www.scarlett.ru
SC-FD421001
22
•
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
•
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
•
Бұйымды қораптан алыңыз.
•
Бірінші рет іске қосардан бұрын барлық сауыттары мен алмалы бөліктерін жылы суға сабындап жуыңыз
да, жақсылап шайып, құрғатып сүртіңіз.
•
Тұғырдың ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
•
Кептіргішті орнықты көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз.
•
Алдын ала дайындалған азық-түлікті алмалы бөліктерге салып.
•
Бөліктердің арасында ауаның еркін айналуына мүмкіндік беретіндей етіп орналастыру керек. Әр бөлікке
азық-түлікті шамадан тыс салмаңыз. Науаға салынатын ең үлкен салмақ – 0,8 кг.
•
Алмалы бөліктерді тұғырға орнатыңыз.
•
Аспаптың қақпағын жабыңыз. Қақпақ аспаптың бүкіл жұмысы барысында жабулы тұруға тиіс.
•
Аспапты электр желісіне жалғаңыз. Іске қрсу түймешігін «I» қалпына қойыңыз. Жарық индикаторы жанады.
•
Қажетті температураны реттегіш тетіктің көмегімен орнатыңыз.
ҰСЫНЫЛАТЫН ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМДЕР:
•
Шөптер: 35-40
о
С
•
Нан: 40-50
о
С
•
Көкөніс: 50-55
о
С
•
Жеміс-жидек: 55-60
о
С
•
Саңырауқұлақ: 50-55
о
С
•
Ет, Балық: 65-70
о
С
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КЕПТІРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ:
ЕСКЕРТУ:
Кептіру уақытының ұзақтығы қандай нәтиже керек екеніне байланысты болады.
Азық-түлік
Дайындау
Кептіру уақыты
(сағат)
Жеміс-жидек (кептірер алдында дайындалған жеміс-жидекті су араластырылған тиісті
шырынға 2 сағат жібітіп қоюды ұсынамыз: 2 стакан суға ¼ стакан шырын)
Сары өрік
Сүйегін алып, жұқалап турау керек
13-28
Ананас
(жаңа
піскен)
Қабығын аршып, кесектеп турау керек
6-36
Банан
Қабығын аршып, дөңгелектеп турау керек
8-38
Жүзім
Турауға болмайды
8-26
Шие
Сүйегін алу міндетті емес
6-36
Алмұрт
Қабығын аршып, жұқалап турау керек
8-30
Мүкжидек
Турауға болмайды
6-26
Шабдалы
Жеміс жартылай кепкен кезде, ортасынан
бөліп, сүйегін алу керек
6-26
Алма
Қабығын аршып, өзегін алып, дөңгелектеп
немесе жартылай дөңгелектеп турау керек
4-15
Көкөніс
Саңырауқұлақ
Жұқалап турау керек (шағын саңырауқұлақты
тұтастай кептіруге болады)
6-14
Сәбіз
әбден жұмсарғанша пісіру керек. Үгітіңіз немесе
дөңгелектеп тураңыз.
8-14
Болгар бұрышы
Өзегін алып, ұзынынан немесе дөңгелектеп
турау кереу
4-14
Сарымсақ
Тазалап, дөңгелектеп турау керек
6-16
•
Кептіргіштің жұмысы біткеннен кейін қосқыш түймешікті «O» қалпына қою арқылы оны тоқтан
ажыратыңыз.
•
Азық-түлік кепкенше күтіңіз де, содан кейін қорабына салып қойыңыз.
•
Аспапты желіден ажыратыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: аспаптың жұмысының барысында тіпті 5 алмалы бөліктің кейбіреуі бос қалса да, олардың бәрін
орнатуға кеңес береміз.
ЙОГУРТ ДАЙЫНДАУ
•
Кептіруге арналған жинаққа йогурт дайындауға арналған 9 құты кіреді.
•
Бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық құтыларды жылы суға сабындап жуыңыз да, құрғатып сүртіңіз.
•
Йогуртты барлық барлық құтыларда дайындау үшін сізге 1 литр сүт пен 1 грамм ұйытқы керек болады.