37
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА /
АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
•
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті
тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз.
Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін
пайдалануға болмайды.
•
Сәл бұра отырып, қондырманы бекіту үшін өтпелікке
орнатыңыз.
•
Қондырмасы бар өтпелікті сағат тілінің бағытымен
бұрай отырып қозғалтқыш бөлікке кигізіңіз.
•
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін
азық өнімдері салынған шараға батырыңыз.
Жұмысты төмен жылдамдықтан бастаңыз (7-ші
түймешік).
•
ЕСКЕРІМ: Блендер дұрыс немесе толық
құастырылмаса, процессор іске қосылмайды.
ТЕКШЕЛЕП ТУРАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК
•
Дөңгелек ірімшікті, етті, көкөніс пен басқа да азық-
түлікті текшелеп турауға арналған.
•
Текшелеп турауға арналған қондырманы
дөңгелектегі қондырмаға арналған ойыққа салыңыз.
•
Үстінен қондырма пышақты орнатыңыз.
•
Дөңгелектегі дөңестер шараның ойықтарына
кіретіндей етіп дөңгелекті шараға орнатыңыз.
•
Шараға жетекті кигізіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергішпен беріп, оның
үстінен ақырындап басып отырыңыз.
•
Қондырманы дөңгелектен алған кезде сақ болыңыз,
себебі қондырма аса өткір. Қондырманы алып
шығу үшін оның үстінен арнайы итергішпен төмен
басыңыз.
ЖҰМЫС
•
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске
асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
•
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да,
ұстап тұрыңыз – процессор осы батырма басулы
тұрғанша жұмыс істейтін болады.
•
Жылдамдық ауыстырғыш тетіктің көмегімен азық-
түлікті өңдеу жылдамдығын біртіндеп реттеуге
болады.
•
Сұйық және қатты азық өнімдерін бірге өңдеу үшін II
режимін пайдаланыңыз
•
Процессор жұмыс істеп тұрған кезде кез келген
керек-жарақты одан шешіп алуға тыйым салынады.
•
ЕСКЕРІМ: Процессордың үздіксіз жұмыс
істеу уақыты 1 минуттан аспауға, ал іске
қосу аралықтарындағы үзіліс 2 минуттан кем
болмауға тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де,
оны электр желісінен ажыратыңыз.
•
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-
салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз
да, құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ
жуатын машинаны қолданбаңыз.
•
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш
құралдарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
•
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды
орындаңыз.
•
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
КEПIЛДIК ШАРТТАРЫ
1.Кепілдік мерзімі – бұйым Тұтынушыға табысталған
күннен бастап 12 (он екі) ай.
2.Кепілді жөндеу Уәкілетті сервис орталықтарында
жүргізіледі.
Summary of Contents for Indigo Innovation IS-HB44K03
Page 1: ......