IM020
9
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді
жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр жүйесінде көрсетілген
параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал өнеркәсіптік қолдануға
арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис
орталығына тексертіңіз.
Құрылғыны былаулы бөлмелері мен су жанында пайдаланбаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис орталығына
апарыңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік берген
сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, бу жіберуге арналған тесік арқылы қалған суды төкпеңіз.
Дымдаушыны тазалау барысында құралдың ішкі бөліміне су тигізбеңіз – бұл оны істен шығаруы мүмкін.
Құралды қосқан кезде ультрадыбыстық түрлендіргішке тимеңіз.
Дымдаушыны тек қана резервуарда су бар кезде ғана қосыңыз. Тұлға деформацияланып немесе өңі өзгермеуі
үшін резервуарға құюға және жууға температурасы 40 °С жоғары суды қолданбаңыз.
Дымдаушыны жылжытқанда қасындағы суға арналған резервуарды ұстап, тек қана табанынан алыңыз.
Тозаңдатқыш арқылы су құймаңыз.
Суды тұлғадағы су беруге арналған түтікше арқылы тікелей құймаңыздар.
Тұлғадағы резервуар мен су беретін түтікшеге металлдар және химиялық заттардың түсуін мүмкін етпеңіз.
Резервуарда судың қатуын мүмкін етпеңіз.
Құрал жұмыс істеген уақытта суға арналған резервуарды шығармаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, резервуардағы барлық суды төкпеңіз. Әйтпесе ультрадыбыс түрлендіргіші істен
шығады.
Дымдаушыны жиһазға және электр аспаптарына тікелей жақын орналастырмаңыз,сонымен қатар оны желдету
тесіктерінің жанына қондырмаңыз.
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0 ºC температурада болса, қосудың алдында оны кемінде 2 сағат бөлмелік жағдайда
ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, оған
судың құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады, мұндай жағдайда ылғалдағыш сауытына су
толтырардың алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Сауыттың сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Аспапты тегіс, құрғақ беткі қабатқа қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа су құярдың алдында аспапты өшіріп, электр қуаты желісінен ажырату керек.
Су резервуарының сыйымдылығы 4 л.
Сауыттың қақпағын бұрап алыңыз да, сауыттың төменгі жағындағы су құятын саңылауға таза су құйыңыз.
Сауыттың қақпағын бұрап жабыңыз.