IM022
18
Егер құрал желіге қосылған болса, бу жіберуге арналған
тесік арқылы қалған суды төкпеңіз.
Дымдаушыны тазалау барысында құралдың ішкі бөліміне су
тигізбеңіз – бұл оны істен шығаруы мүмкін.
Құралды қосқан кезде ультрадыбыстық түрлендіргішке
тимеңіз.
Дымдаушыны тек қана резервуарда су бар кезде ғана
қосыңыз. Тұлға деформацияланып немесе өңі өзгермеуі
үшін резервуарға құюға және жууға температурасы 40 °С
жоғары суды қолданбаңыз.
Дымдаушыны жылжытқанда қасындағы суға арналған
резервуарды ұстап, тек қана табанынан алыңыз.
Тозаңдатқыш арқылы су құймаңыз.
Суды тұлғадағы су беруге арналған түтікше арқылы тікелей
құймаңыздар.
Тұлғадағы резервуар мен су беретін түтікшеге металлдар
және химиялық заттардың түсуін мүмкін етпеңіз.
Резервуарда судың қатуын мүмкін етпеңіз.
Құрал жұмыс істеген уақытта суға арналған резервуарды
шығармаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, резервуардағы барлық
суды төкпеңіз. Әйтпесе ультрадыбыс түрлендіргіші істен
шығады.
Дымдаушыны жиһазға және электр аспаптарына тікелей
жақын орналастырмаңыз,сонымен қатар оны желдету
тесіктерінің жанына қондырмаңыз.
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0 ºC температурада болса,
қосудың алдында оны кемінде 2 сағат бөлмелік жағдайда
ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде
желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ
түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, оған судың
құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады,
мұндай жағдайда ылғалдағыш сауытына су толтырардың
алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.