Каз
ақ
Казақ - 17
Теледидарды қабырғаға бекіту
Абайлаңыз
: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап
кетуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны
қозғамауына көз жеткізіңіз. Әйтпесе ТД аударылып кетіп, адам қатты жарақат алуы
немесе мерт болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы
сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды
сатып алып орнатыңыз.
Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін
1.
Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға
мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап
бекігеніне көз жеткізіңіз.
✎
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді
қосымша зат қажет болуы мүмкін.
✎
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау
құрылғымен бірге жеткізілмейтіндіктен оларды жеке
сатып алу қажет.
2.
Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан
алыңыз да, қапсырмаға салыңыз, содан соң
бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.
✎
Бұранданың техникалық сипаттамасы
•
28 дюйм үшін: M4
•
32 ~ 50 дюйм үшін: M8
3.
Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға
бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап,
содан соң мықтап байлаңыз.
✎
ЕСКЕРІМ
•
Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
•
Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде
не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.
•
Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.
4.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға
хабарласыңыз.
Қабырға
•
Құрылғының түсі мен пішімі үлгі түріне қарай
әр түрлі болуы мүмкін.
[UJ4100_5100-RU]BN68-06489Q-00L04.indb 17
2015-03-19 오후 4:06:47