Казақ - 2
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
(Осы құрылғыны орнатпай тұрып, Samsung құрылғыңызда көрсетілген
таңбаларға сай келетін тиісті тарауларды оқыңыз.)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН
ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН
ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.
АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары
кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы өнімді іске қосу және күтіп
ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар
көрсетілген кітапшаның өніммен бірге
жеткізілетінін ескертеді.
• Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының тиімді
жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін және оны қатты қызып кетуден сақтандыру үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылаулар ешқашан
бітелмеуге немесе жабық тұрмауға тиіс.
−
Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, егер ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.
−
Осы құрылғыны батарея немесе қызу резисторының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.
−
Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
• Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына,
ылғалды жертөле немесе бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да,
дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз. Тазалардың алдында құрылғының ашасын розеткадан алып қоюды ұмытпаңыз.
• Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін тиісті түрде тастауды
қажет ететін ережелер болуы мүмкін.
• Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
• Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз
мүмкін.
• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп, әсіресе қорек сымының ашаға,
адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аудара отырып төсеу керек.
• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған не ұзақ уақыт қолданбаған кезде, ашасынан суырып, антенна
немесе кабельдік телевизия жүйесінен ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны
бүлінуден сақтайды.
• А Т қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ кернеу мәнінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Бұлай істегенде, электр қатері пайда болуы мүмкін.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана
ашуға тиіс.
• Қорек сымының ашасын мықтап сұғыңыз. Қорек сымын розеткадан ағытқан кезде, міндетті түрде ашасынан ұстап суырыңыз. Қорек
сымын су қолмен ұстамаңыз.
• Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шу немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті
дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Теледидарды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде
жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.
−
Шаң жиналып қалса, электр қатері, электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек
сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар немесе 24 сағат жұмыс істейтін
әуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұлай
істемеген жағдайда, құрылғыға елеулі нұқсан келуі мүмкін.
• Тиісті түрде жерге қосылған аша мен розетканы қолданыңыз.
• Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші топқа жататын құрылғыға ғана қатысты.)
• Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан ағыту керек, сондықтан да, аша қайта қолдануға дайын тұруға тиіс.
• Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.
• Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.
• Құрылғыны орнықсыз тұрған сөре, көлбеу еден немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.
• Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе оған күш салмаңыз. Құрылғы бүлініп қалса, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, құрылғыны жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-
құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл
құрылғының сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.
• Құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды.
• Батареяларды отқа тастамаңыз.
• Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.
• Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.
• ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕН
АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.
[UJ4100_5100-RU]BN68-06489Q-00L04.indb 2
2015-03-19 오후 4:06:42