Қазақша - 61
Телемәтін функциясы
Көптеген теледидар станциялары телемәтін арқылы жазбаша ақпарат қызметтерін ұсынады. Телемәтін қызметінің негізгі
бетінде осы қызметті пайдалану жолы туралы ақпарат беріледі. Сонымен бірге, қашықтан басқару пультін пайдалану
арқылы өзіңіздің талаптарыңызға сай келетін түрлі параметрлерді таңдай аласыз.
Телемәтін ақпараты дұрыс көрсетілуі үшін арна қабылдау сапасы жақсы болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда
ақпараттың болмауы мүмкін немесе кейбір беттер көрсетілмеуі мүмкін.
1
:
(шығу)
Телемәтін режимінен шығу.
2
6
(индекс)
Телемәтінді қарап отырған кезде негізгі (мазмұн) бетті кез келген уақытта
бейнебеттен көрсету үшін пайдаланылады.
3
5
(жасырын мәтінді шығару)
Жасырын мәтінді (мысалы, викторина сұрақтарының жауаптары)
бейнебетке шығару үшін пайдаланылады. Қалыпты бейнебетті көрсету
үшін осы батырманы қайтадан басыңыз.
4
4
(өлшем)
Бейнебеттің жоғарғы жартысындағы екі есе өлшемді әріптерді көрсету
үшін басыңыз. Бейнебеттің төменгі жартысы үшін оны қайтадан басыңыз.
Қалыпты бейнебетті көрсету үшін оны қайтадан басыңыз.
5
/
(телемәтін қосулы/аралас)
Телемәтін қызметін ұсынатын арнаны таңдағаннан кейін телемәтін режимін
іске қосу үшін осы батырманы басыңыз. Телемәтіннің үстінен ағымдық
хабар тарату бейнебетін қабаттастыру үшін осы батырманы екі рет
басыңыз.
6
8
(сақтау)
Телемәтін беттерін сақтау үшін пайдаланылады.
7
1
(ішкі бет)
Қолданыстағы ішкі бетті бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.
8
2
(бір бет жоғары)
Келесі телемәтін бетін бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.
9
3
(бір бет төмен)
Алдыңғы телемәтін бетін бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.
0
0
(режим)
Телемәтін режимін (LIST/FLOF) таңдау үшін басыңыз. Егер оны ТІЗІМ
режимінде бассаңыз, ол тізімді сақтау режиміне ауысады. Тізімді сақтау
режимінде телемәтін бетін
8
(сақтау) батырмасы арқылы тізімге сақтауға
болады.
!
9
(кідірту)
Егер таңдалған бет орналасу реті бойынша бірінен кейін бірі көрсетілетін
бірнеше ішкі бетпен байланысты болса, сол бетті бейнебетте ұстап тұру үшін
пайдаланылады. Қайталау үшін осы батырманы қайтадан басыңыз.
@
7
(болдырмау)
Бетті іздеген кезде хабар тарату арнасын бейнебетке шығару үшін
пайдаланылады.
#
Түрлі-түсті батырмалар (қызыл/жасыл/сары/көк)
Егер хабар тарату компаниясы FASTEXT жүйесін пайдаланатын болса,
телемәтін бетінде берілген түрлі тақырыптар түстермен кодталады да,
оларды түрлі-түсті батырмаларды басу арқылы таңдауға болады. Қажетті
тақырыпқа сай келетін біреуін басыңыз. Бет бірдей түрде таңдауға болатын
басқа түсті ақпаратпен бейнеленеді. Алдыңғы немесе келесі бетті бейнелеу үшін, сәйкес түс батырмасын басыңыз.
Телемәтін беттерін қашықтан басқару пультіндегі сандық батырмаларды басу арқылы өзгертуіңізге болады.
N
N
Қолдану бойынша ұсыныстар
Жалғасы...
1
3
4
5
6
2
7
8
9
0
!
@
#
BN68-02333H-Kaz.indb 61
2009-8-27 9:57:26