![Samsung EO-SG928 User Manual Download Page 590](http://html.mh-extra.com/html/samsung/eo-sg928/eo-sg928_user-manual_355467590.webp)
Bluetooth динамигін пайдалану
14
Аудионы Dual Sound мүмкіндігі бөлісу
Bluetooth динамигінде тыңдап жатқан аудионы Dual Sound мүмкіндігін қолдайтын басқа
Bluetooth динамиктерімен бөлісіңіз. Екі Bluetooth динамигін қосып, бірдей аудионы ойнатуға
немесе оларды екі арналы динамик ретінде пайдалануға болады.
Аудионы бөліскіңіз келетін Bluetooth динамигі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
•
Bluetooth динамигін смартфон немесе планшет сияқты мобильді құрылғыға
қосу керек. Егер Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылмаған болса
немесе бірнеше мобильді құрылғыға қосылған болса, аудионы басқа Bluetooth
динамигімен бөлісе алмайсыз.
•
Егер Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғылардың арасындағы қашықтық тым
үлкен болса, олардың арасында кедергі болса немесе Wi-Fi сигналы тым қатты
болса, дыбыс сапасы төмен болуы мүмкін.
•
Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдаланған уақытта Bluetooth динамигін сөндіріп,
қайтадан қоссаңыз, ол Dual Sound мүмкіндігіне оралуға әрекет жасайды. Алайда,
егер басқа Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылған болса, Dual Sound
мүмкіндігінің жұмысы қалпына келтірілмейді.
•
Бөлісу кезінде өшірілсе, екінші Bluetooth динамигі сіздің Bluetooth динамигіңізден
ажыратылады. Қайта қосқанда ол аудионы бөлісу алдында қосулы болған
мобильді құрылғыға автоматты түрде қайта қосылады.
•
Аудионы бөліскен уақытта, дауыстық хабарландыру мүмкіндігі сөндірулі болады.
•
Басқа Bluetooth динамигі үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол
Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында
www.samsung.com
сілтемесінен өтіңіз.
Қазақ тілі
14