
Жұмысты бастау
2
Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
•
Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
•
Мультимедиалық док-станцияны пайдаланудың алдында, оның құрылғыңызбен
үйлесімді екенін тексеріңіз.
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту
: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз
: құрылғыны немесе басқа жабдықты бүлдіруі мүмкін жағдайлар
Ескерім
: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Қораптың ішіндегісі
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
•
Мультимедиалық док-станция
•
Жылдам бастау нұсқаулығы
•
Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы
құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
•
Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен
үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Сыртқы түрі және сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға
болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
•
Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін
және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
•
Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана
байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат
Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Қазақ тілі
2