Қа
за
қш
а
Қазақша-17
y
Зарядтау уақытына зарядталатын құралдың батареясының қаншалықты уақыт
қолданылғаны немесе зарядтау тәсілі және құралдың үлгісі әсер етуі мүмкін. Қосымша
ақпаратты құралдың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
y
Көзілдірікпен бірге жеткізілген адаптерді қолдануды ұмытпаңыз. Рұқсат етілмеген
адаптерді қолдансаңыз, көзілдірікке нұқсан келуі немесе көзілдірік дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
5. Сақтық шаралары
Төменде пайдаланушыны жарақат алудан және мүлікке нұқсан келуден сақтандыратын
шаралар көрсетілген. Келесі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз және орындаңыз.
[
Ескерту
● Құралды осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген құралдарды зарядтаудан
басқа мақсатта қолданбаңыз. Құралды лақтырмаңыз немесе жастық ретінде
қолданбаңыз немесе басқа заттың астына таған ретінде қоймаңыз.
● Бұл құрал зарядтауға дайын тұрған режимде магнит өрісін бөліп шығарады. Бұл
құрал жалпы электр құрылғыларына әсер етпесе де, магнитті өріс әсер ететін
электроника құрылғыларының қасына, әсіресе тоққа қосулы құрылғылардың
қасына қоймаңыз.
● Құралды күн сәулесі тура түсетін жерден, қызу мен ылғалдан алыс ұстаңыз.
Себебі құрал жұмыс істемей қалуы немесе өрт шығуы мүмкін.
● Бұл құралға қысым түсіруге, салмақ салуға немесе түсіріп алуға болмайды.
Құрал дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін.
● Су немесе тазалағыш затты құралға тура шашпаңыз. Бұл нұсқау орындалмаса,
өрт немесе электр қатері орын алуы, құралдың сыны бұзылуы немесе жазулары
өшіп қалуы мүмкін.
● Құрамында спирті бар химикаттарды, еріткіш заттарды және балауыз, бензол,
сұйылтқыш, маса үркіткіш, ауа тазартқыш, лубрикант немесе тазалағыш
заттарды қолданбаңыз. Себебі құралдың түсі оңып, бетіне сызат түсуі немесе
жазуы өшіп қалуы мүмкін.
Феррит қалқаны
y
y
Қуат сымына арналған феррит қалқаны: Феррит
қалқандары кабельдерді бөгеуілден қорғау үшін
қолданылады. Феррит қалқанын кабельге жалғаған
кезде, феррит қалқанын ашып, кабельдің ашаға жақын
тұсына суретте көрсетілгендей кигізіп қойыңыз.
y
y
A Бір феррит қалқаны сымның АТ розеткасына
жалғанған ұшынан 4 дюймнен алыс емес қашықтықта
тұруы керек.
6. Ақаулықты түзету
Егер мына жағдай орын алса келесі шараны қолданыңыз.
Зарядтау функциясы жұмыс
істемейді.
Үстіңгі қуат LED шамы жасыл түспен жанып,
алдыңғы көк LED шамы баяу жыпылықтап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Үстіңгі қуат LED шамы немесе
көк LED шамы жанған жоқ.
АТ адаптерінің дұрыс жалғанғанын және ТТ қуат
ұяшығының дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Үстіңгі LED шамы қалыпты
уақыт интервалы өткен сайын
жыпылықтайды.
Зарядтағыш уақытша артық жүктемеден
сақтандыру режиміне ауысты. 3D көзілдірігін
сымсыз батарея зарядтағыштан алып, ТТ
ұяшығын ажыратып, содан кейін қайта қосыңыз.
7. Өнім сипаттамалары (Үлгісі: CY-SWC1000A)
Жұмыс жасау
тәсілі
13.56МГц магнитті резонанс арқылы энергия жіберу.
Өлшемдері (Т x
Б)
188 x 115 мм (7.4 x 4.5 дюйм )
Салмағы
Шамамен 524 г
Қуат қосылымы
АТ адаптерінің ұяшығы
АТ 100~240В 50/60Гц
Таған ұяшығы
ТТ 12В
Қуат тұтынуы
Күту режимі
0.5Вт
Зарядтау режимі
8.9Вт
Жұмыс
ортасының
параметрлері
Ортаның температурасы
10°C ~ 40°C (50°F ~ 104°F)
Орта ылғалдылығы
10% - 80%, конденсатсыз
Сақталатын ортаның
температурасы
-20°C ~ 45°C (-4°F ~ 113°F)
Сақталатын ортаның
ылғалдылығы
5% - 95%, конденсатсыз
Зарядтау уақыты
3D көзілдірігі
2~3 сағат (жеке зарядтау)
※
Жоғарыда көрсетілген зарядтау уақыты, осы жерде көрсетілген зарядтау аумағына
қойылған көзілдірікке қатысты берілген. Көзілдірікті зарядтау аумағынан тыс жерге
қойсаңыз, зарядтау уақыты ұзаруы мүмкін.
CY-SWC1000A_Na_L16.indb 17
2011-02-17 오후 1:19:15