![Samsung 300E4Z User Manual Download Page 46](http://html.mh-extra.com/html/samsung/300e4z/300e4z_user-manual_347851046.webp)
46
47
46
47
АТ адаптеріне қатысты сақтық
шаралары
Қорек сымы немесе АТ адаптері бүлініп
қалмас үшін, қорек сымы немесе АТ
адаптеріне ауыр зат қоймаңыз немесе
аяқпен баспаңыз.
Қорек сымы бүлініп қалса, электр немесе өрт
қатері орын алуы мүмкін.
Тек осы өніммен бірге жеткізілген АТ
адаптерін ғана қолданыңыз.
Басқа адаптерді қолданғанда бейнебет
дірілдеуі мүмкін.
Қорек сымын АТ адаптеріне мықтап
жалғаңыз.
Бұлай істемегенде, шала контакт әсерінен
өрт шығуы қаупі бар.
Батареяны қолдану туралы
Компьютерді ең алғаш пайдаланбас бұрын
батареясын толық зарядтаңыз.
Батареяны балалар мен үй
жануарларынан алыс ұстаңыз, себебі
олар батареяны ауыздарына салып қоюы
мүмкін.
Электр тоғына түсу немесе қақалып қалу
қаупі бар.
Тек қолдануға болатын батарея мен АТ
адаптерін қолданыңыз.
Тек Samsung Electronics тарапынан
қолдануға болады деп рұқсатталған батарея
мен адаптерді ғана қолданыңыз.
Қолдануға болады деп рұқсатталмаған
батареялар мен адаптер, қауіпсіздік
ережелері талаптарына сай келмеуі мүмкін
және ақаулық тудыруы немесе компьютерді
бүлдіріп, соның салдарынан жарылыс
немесе өрт шығуы мүмкін.
Компьютерді төсектің үсті немесе
жастықтың үсті т.с.с. тәрізді жақсы
желдетілмейтін жерге және еден арқылы
жылынатын бөлмеге қойып қолданбаңыз,
себебі компьютер қатты қызып кетуі
мүмкін.
Компьютердің саңылауларының (бүйірі
немесе астыңғы жағында) әсіресе осындай
жерлерде бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
Саңылаулары бітеліп қалса, компьютер қатты
қызып кетуі, тіптен жарылып кетуі де мүмкін.
Компьютерді жуынатын бөлме
немесе сауна тәрізді ылғалды жерде
қолданбаңыз.
Компьютерді ұсынылған температура және
ылғалдылық мәндеріне сай келетін (10~32ºC,
20~80% RH) жерде қолданыңыз.
Жұмыс істеп тұрған компьютердің СКБ
панелін жаппаңыз және компьютерді
сөмкеге салып алып жүрмеңіз.
Компьютерді сөндірмей тұрып сөмкеге
салсаңыз, компьютер қатты қызып кетуі және
өрт шығу қатері бар. Компьютерді орнынан
қозғамас бұрын сөндіріңіз.
Құрылғыны (немесе батареяны) ешқашан
ұрмаңыз немесе құрылғыны (немесе
батареяны) отқа салмаңыз. Құрылғыны
(немесе батареяны) сауна, қызып тұрған
көліктің іші т.с.с. ыстық жерге қоймаңыз
немесе қолданбаңыз.
Жарылыс шығу немесе өрт шығу қаупі бар.
Кілт немесе қапсырма тәрізді темір
заттарды батареяның ағытпасына (темір
бөлшектеріне) тигізбеңіз.
Егер темір заттар батарея ағытпасына тисе,
асқын тоқ ағысын тудыруы және батареяны
зақымдауы немесе өрт шығаруы мүмкін.
Егер өнімнен (немесе тареядан) сұйық
ақса немесе өнімнен (немесе батареядан)
біртүрлі иіс шықса, өнімді (немесе
батареяны) алып, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Жарылыс шығу немесе өрт шығу қаупі бар.
Компьютерді қауіпсіз пайдалану үшін,
ескірген батареяның орнына фирмалық
жаңа батареяны салыңыз.
Қолдану туралы ақпарат
Компьютерді тазалардың алдында
оған жалғанған сымдардың барлығын
ағытыңыз. Егер ноутбукке сыртқы және
алмалы батарея орнатылған болса,
сыртқы батареяны алыңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өнімге зиян
келуі мүмкін.
Сандық телефонға жалғанған байланыс
сымын, модемге жалғамаңыз.
Электр қатері орын алуы, өрт шығуы немесе
өнімге зиян келуі мүмкін.
Су немесе химиялық заттар толтырылған
сауыттарды компьютердің үстіне немесе
оған жақын қоймаңыз.
Егер компьютерге су немесе химиялық
заттар кіріп кетсе, өрт шығуы немесе электр
қатері орын алуы мүмкін.
Компьютер сынып немесе құлап қалса,
қорек сымын ағытыңыз да, қызмет
көрсету орталығына хабарласып,
тексертіп алыңыз.
Егер ноутбук компьютерде сыртқы
тұрпатты (алмалы) батарея болса,
батареяны да ағытып алыңыз.
Қираған компьютерді пайдалану электр
тоғы соғу немесе өрт шығу қатерін тудыруы
мүмкін.
Компьютерді көліктің іші тәрізді ауасы тар
жерде қолданған кезде, күн сәулесін тура
түсірмеңіз.
Өрт шығу қаупі бар. Компьютер қатты қызып
кетуі, сонымен қатар ұрланып кетуі мүмкін.
Ноутбук компьютерді дененің бір бөлігі
оған тура тиіп тұрған жағдайда ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз. Қалыпты жұмыс жасау
барысында, өнімнің температурасы
жоғарлауы мүмкін.
Денеңіз зақымданып немесе күйіп қалуы
мүмкін.
Summary of Contents for 300E4Z
Page 2: ...2 ...