PB
45
Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін және мүлікке зиян келмес үшін төмендегі сақтық шараларын мұқият оқыңыз.
Бұл Samsung компьютерлеріне арналған жалпылама нұсқаулық болғандықтан, кейбір суреттер нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
Бұл Samsung компьютерлеріне жалпылама қолданылатындықтан, кейбір суреттер нақты өнімдерден өзгеше
болуы мүмкін.
Сақтық шаралары
Ескерту
Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған
жағдайда, адам жарақаттануы, тіпті өлімге әкелетін жағдай
орын алуы мүмкін.
Орнатуға қатысты ақпарат
Өнімді жуынатын бөлме тәрізді ылғалды
жерге орнатпаңыз.
Электр тоғына түсу қатері бар. Өнімді
өндіруші шығарған пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген жұмыс ортасының
параметрлеріне сай қолданыңыз.
Пластик қалталарды балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
Тұншығып қалу қаупі бар.
Компьютер мен қабырғаның арасында
15см не одан көп орын қалдырыңыз және
араларына ешбір зат қоймаңыз.
Бұл компьютердің ішкі температурасының
жоғарлауына және адамның жарақаттануына
алып келуі мүмкін.
Компьютерді көлбеу немесе дірілдеуі
мүмкін жерге орнатпаңыз немесе
компьютерді бұндай жерге ұзақ қоймаңыз.
Бұл құрылғының ақаулыққа ұшырауына
немесе бүлінуіне себеп болады.
Денеңіздің кез келген жерін, компьютер
қосылып тұрғанда, оның желдеткіш
саңылауынан немесе АТ адаптерінен
шыққан қызуға тигізбеңіз.
Желдеткіш саңылауынан немесе АТ
адаптерінен шыққан қызуға, денені ұзақ
уақыт жақын ұстасаңыз, күйіп қалуы мүмкін.
Компьютерді төсек немесе жастықтың
үстіне қойып қолданған кезде, оның
астындағы немесе бүйіріндегі желдеткіш
саңылаулар бітеліп қалмасын.
Желдеткіш саңылау бітеліп қалса,
компьютерге нұқсан келу қаупі бар немесе
компьютердің іші қатты қызып кетуі мүмкін.
Қуатпен жабдықтауға қатысты
ақпарат
Аша немесе қабырғадағы розетка, елде қолданылатын
стандартқа және өнімнің үлгісіне қарай әр түрлі болуы
мүмкін.
Компьютердің ашасы немесе розеткасын
дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Электр тоғына түсу қатері бар.
Осы өнім үшін көп бағытты аша
немесе ұзартқыш сымды қолданғанда,
стандартты желі параметрлері (кернеу/
тоқ) көтеретін жүктемеден асырмаңыз.
Электр немесе өрт қатері орын алуы мүмкін.
Қуат сымы немесе розеткадан шуыл
естілсе, қорек сымын розеткадан
ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Электр немесе өрт қатері орын алуы мүмкін.
Бүлінген немесе босап қалған ашаны
не қорек сымын немесе розетканы
қолданбаңыз.
Электр немесе өрт қатері орын алуы мүмкін.
Қорек сымын тек сымның өзінен тартып
суырмаңыз.
Қорек сымы бүлінсе, электр қатері орын алуы
мүмкін.
Қорек сымын розетка мен АТ адаптеріне
мықтап жалғаңыз.
Бұлай істемегенде, өрт қатері орын алуы
мүмкін.
Қорек сымын шамадан тыс қатты
майыстырмаңыз немесе оның үстіне
ауыр зат қоймаңыз. Қорек сымын жас
балалар мен үй жануарларынан алыс
ұстау әсіресе маңызды.
Қорек сымы бүлінсе, электр немесе өрт
қатері орын алуы мүмкін.
Қорек сымын розеткаға немесе жерге
қосылатын ағытпасы бар көп бағытты
ашаға (ұзартқыш сым) жалғаңыз.
Бұлай істемегенде электр қатері орын алуы
мүмкін.
Егер су немесе басқа зат компьютердің
қуат ұяшығына, АТ адаптеріне немесе
компьютерге кіріп кетсе, қорек сымын
ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Егер ноутбук компьютерде сыртқы
тұрпатты (алмалы) батарея болса,
батареяны да ағытып алыңыз.
Компьютердің ішіндегі бөлшек бүлінсе,
электр немесе өрт қатері орын алуы мүмкін.
Қорек сымы немесе розетканы шаңнан
таза ұстаңыз.
Бұлай істемегенде өрт шығуы мүмкін.
KAZ
Summary of Contents for 300E4Z
Page 2: ...2 ...