RT-M407-E
131
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның
қызметінің мерзімін ұзартады.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамау-
дан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмір-
лерде, дүкендердің тұрмыстық бөлмелерде, офи-
стер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез
келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пай-
далану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жау-
ап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық си-
паттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның жер-
лендірілетініне көз жеткізіңіз.
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш
қолданыңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа
тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
•
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдыр-
маңыз. Аспап сыртқы таймер немесе қашықтықтан
басқарудың жеке жүйесі көмегімен жұмыс жаса-
уға арналмаған.
•
Аспапты газ немесе электр плиталарының үстіне,
жанына, духовка пештерінің ішіне, әлде басқа да
жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
•
Аспапты су немесе басқа да сұйықтықтардың жа-
нында пайдаланбаңыз.
•
Егер аспап суға түсіп кетсе, оны бірден электр
желісінен алып тастаңыз. Аспапқа тиіспеңіз және
оған судың тиуіне жол бермеңіз
Summary of Contents for RT-M407-E
Page 1: ...User manual Toaster RТ M407 E ...
Page 3: ...A1 10 1 2 3 9 4 5 6 7 8 ...