
38
Әр жолы шаңсорғыш құрылғыны іске қоспас бұрын, құрылғыны, оның электр желілік
баусымын, сондай-ақ оның бөлшектері мен керек-жарақтарын мұқият түрде қарап шығыңыз,
олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғының және оның электр желілік баусымның
немесе құрылғыдағы бөлшектерінің және керек-жарақтарының қандай да бір ақаулығы
анықталған жағдайда, сонымен қатар құрылғының және оның бөлшектері мен керек-
жарақтарының ақаулары және бұл бұйымдардың байқалған зақымдану себептері мен
қателіктердің түрлері жойылмағанша шаңсорғышты қолданбаңыз, бұл жағдайда оны электр
желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Аккумуляторды (АКБ) қуаттандыру үшін шаңсорғыштың осы үлгісінің жиынтықтылығына
кіретін зарядтау құрылғысын (адаптерді) және зарядтау базасын (зарядтау құрылғысын) ғана
пайдаланыңыз. Бұл адаптерді өзге мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғының зарядтау базасының (зарядтау құрылғысының), адаптердің немесе
құрылғының электрмен қоректендіретін баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған
жағдайда, адаптердің ашасын электр желіге не ашалы розеткаға қосуға тайым салынады.
Құрылғының зарядтау базасын (зарядтау құрылғысын) және адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет
болса, авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының зарядтау базасын (зарядтау құрылғысын) және адаптерін бөлшектемеңіз!
Аккумулятордың қуаттандыруын қамтамасыз ету үшін алдымен адаптердің істікшесін
зарядтау базасының корпусында орналасқан сәйкесінше электр тізбегін біріктіретін және
ажырататын электр жалғағыш істікшелі ағытпасына (зарядтау ұяшығына) кіргізіп жалғастырыңыз,
ал құрылғының зарядтау базасын (зарядтау құрылғысын) тазаланатын бөлмеде электр розеткасы
бар қабырғаның жанына, яғни электр розеткасының маңына жақын орналастырып қойыңыз,
содан кейін – адаптердің ашасын электр розеткаға жалғастырыңыз. Аккумуляторлық батареясы
қуатталып болғаннан кейін адаптерді электр желіге қосулы күйінде қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Егер де, құрылғының зарядтау құрылғысы пайдаланылмаса, оның зарядтау базасын еденнің
үстінде қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты қуаттандыруға арналған зарядтау базадағы
зарядтағыш істікше түйіспелеріне металл заттарды тигізіп, оларды өзарада матастыруға қатаң
түрде тыйым салынады!
Зарядтау құрылғыны (зарядтау базаcын) пайдалану барысында АКБ-ны қуаттандыру
қажеттілігі автоматты түрде құрылғы арқылы анықталады, зарядтау құрылғы (зарядтау базаcы)
пайдаланылмаған жағдайда, аккумуляторлық батареясының қуаттандыруы толығымен таусылып
бітпегенше оны зарядтамаңыз.
Зарядтау құрылғыны (зарядтау базаcын) пайдаланбай аккумуляторды қуаттандыру үшін,
алдымен адаптердің істікшесін шаңсорғыш құрылғының корпусында орналасқан сәйкесінше
электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш істікшелі ағытпасына (зарядтау
ұяшығына) кіргізіп жалғастырыңыз, содан кейін – адаптердің ашасын электр розеткаға
жалғастырыңыз. Аккумуляторлық батареясы қуатталып болғаннан кейін адаптерді электр желіге
қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Адаптерді тек ауыспалы тоқ көзіне ғана (~) қосыңыз. Оны тоқ көзіне қоспас бұрын, желідегі
қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің техникалық сипаттамаларында
көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын
кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен
ұзартқыш не жалғастырғыш құрылғыны және үшжақты жалғаулық секілді үшайыр бiрiктiргіш қосу
құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Адаптердің ашасын электр желіге қоспас бұрын, оның істікшесі құралдың/зарядтау
құрылғысының (зарядтау базасының) тиісті істікшелі ағытпасына (зарядтау ұяшығына) жалғанып
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Summary of Contents for PVCR 3000 Cyclonic PRO
Page 1: ......
Page 2: ...2 1 2 3 4 5 ...
Page 3: ...3 6 7 8 9 10 11 ...
Page 4: ...4 12 ...
Page 5: ...5 13 14 15 16 ...
Page 6: ...6 17 18 19 20 ...
Page 7: ...7 21 22 ...
Page 8: ...8 23 24 25 ...
Page 134: ...134 ...