
20
Құрылғыны сақтау жөніндегі ережелері
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес,
қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда
сақталуы тиіс. Шаңсорғышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
9.
Құрылғыны тасымалдау жөніндегі ережелері
Электрлік құрылғылардың тасымалдауы нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және механикаландырылған жүк тиеу-түсіру
жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ететін, жүкті көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес көліктің барлық жабық түрлерінде кез келген көлік
құрылғыларымен жүзеге асырылады.
Құрылғыны тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабын пайдаланыңыз.
Электрлі құрылғыларды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс –бұйымның сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрі
сақталуы керек.
Электр құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан, оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-
шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессиялық орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың бұзылу қаупін
туғызатын себептерін, яғни жоғарыда аталған әсерлердің тікелей әсер ету мүмкіндігін болдырмау қажет.
10.
Құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері
Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.
11.
Пайдалануға жарамсыз құрылғыны кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату барысында пайда болатын қатты
тұрмыстық қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның
ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
12.
Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
Бұл кестеде құрылғыны пайдалану барысында туындауы мүмкін, кең таралған мәселелер келтірілген. Егер де, Сіз туындаған мәселені өз бетіңізбен шеше
алмасаңыз, тұтынушыларды қолдауға арналған авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулардың пайда болуы
Ақаулардың пайда болуына мүмкін себептері
Ақауларды жою тәсілдері
Құрылғы іске қосылмайды.
Сіздің үйіңіздегі электр жүйедегі электр қуаты
ауытқып кеткен ( яғни электр энергиясын беруін
тоқтатқан шығар) тексеріңіз немесе электрмен
қоректендіру желісінде бір мәселе туындаған.
Құрылғының желілік баусымның ашасы электр
желісіне дұрыс жалғасып тұрғандығына, нық
қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз, яғни оның
электр желіге қосылыс сенімділігін (беріктігін)
тексеріңіз.
Құрылғының сору қуаты жеткіліксіз
немесе
құрылғының
жұмысы
барысында оның сору күші төмендеп
басыла бастайды.
Шаңсорғыштың шаңжинағыш контейнері, оның
майысқақ құбыршегі (шлангісі) немесе оның
сүзгілері, не түтігі немесе оның қандай да бір
қондырмаысы шаң мен қоқысқа толып, бітеліп
қалған шығар тексеріңіз.
Шаңсорғыштағы шаңжинағыш контейнерін не
сүзгілерін тазартыңыз, қажет болса оларды басқа
бір жаңасына ауыстырыңыз. Құрылғыдағы
майысқақ құбыршегін, оның түтігін және
шаңсорғыштың қондырмаларын қарап шығыңыз,
оларды ештене бітеп тұрғанжоқ па тексеріңіз,
олрдың ішінде қоқыстануы және бітелуі анықталса
тазартыңыз.
Құрылғының жұмысы барысында
электрлік разряд, яғни электрлік
тоқтан айырылу байқалады және
шаңсорғыштағы
қондырманың
корпусына шаң жабысып жиналады.
Бөлмежайдағы
ауаның
төмен
ылғалдығы
салдарынан статикалық электр пайда болды.
Статикалық зарядтан арылу үшін жиі түрде
шаңсорғыштағы қондырмасын металл заттарға
жақындатыңыз.