
17
Шаңсорғышты майысқақ құбыршегінен тартқыламаңыз. Шаңсорғыштың майысқа құбыршегін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Шаңсорғыштың
майысқа құбыршегі ақаулы болса, оны қолданбаңыз.
Шаңсорғыштың ауа шығаратын және ауақабылдағыш саңылауларын жабуға тыйым салынады.
Жұмыс жасап тұрған шаңсорғышты корпустың шеті мен бүйір жақтарына орнатуға тыйым салынады. Жұмыс барысында шаңсорғыш әрдайым
көлденең қалпында тұруы керек, құрылғының үсті жағында орналасқан қақпағы жоғары қарайтындай етіп орналасуы қажет. Баспалдақтардың шеті
мен едендердің биіктігінде айырмашылықтар байқалса, шаңсорғыштың баспалдақтардағы тұрақтылығын қадағалаңыз.
4. Құрылғының пайдалану аясы
Бұл тұрмыстық электр шаңсорғыш тек тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелері мен талаптарына сәйкес үй тұрмыс жағдайында
ғана пайдаланылуы тиіс. Бұл шаңсорғышты өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес үй тұрмыс жағдайында ғана пайдалануға арналған. Бұл
шаңсорғышты өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Сондай-ақ, бұл шаңсорғышты бөлмежайдан тысқары жерде, сонымен қатар ауа температурасы +5°С -тан төмен және ылғалдығы жоғары бөлмелерде және
жылытылмайтын тұрғын үй-жайларда пайдалануға мүлдем болмайды.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
5. Құрылғының сипаттамасы
PVC 0730 Шаңсорғышы шаң-тозаң мен ұсақ қоқысты сорып алу жолымен, қабаты берік әрі тегіс тұрмыстық бөлмежайдың ағаштан жасалған немесе тақталы
еден жабынын және өзге де қатты едендік жабыдарының барлық түрлерін және түктері төмен (түксіз) тықыр кілемдердің бетін құрғақ күйде тазалауға
арналған. Сур. 1
1.
Шаңжинағыш контейнері
2.
Шаңжинағыш контейнерін бекіту батырмасы
3.
Құрылғыны іске қосу/сөндіру (ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ) батырмасы
4.
Шаңсорғышта сорғызудың қуаттылығын реттейтін тетігі
5.
Құрылғының электр желілік баусымын автоматты түрде орап жинау батырмасы
6.
Шаңсорғышты көтеріп тасымалдауға арналған тұтқасы
7.
Шаңсорғыштың корпусы
8.
Шаңсорғыштың дөңгелегі
9.
Жүмсақ жиһаздың қаптауыштарын тазарту үшін қолданылатын қондырмасы
10.
Саңылаулы қондырмасы
11.
Телескоптық түтігі
12.
Еден мен кілем бетінен жинау үшін қолданылатын қылшақ қондырмасы
13.
Шаңсорғыштың майысқақ құбыршегі
14.
Шаңсорғыштың қондырмаларын орнатуға арналған ұстағышы
15.
Турбо щетка
6. Құрылғының жиынтықтылығы
1.
Шаңсорғыш – 1дана.
2.
Шаңсорғыштың майысқақ құбыршегі – 1дана.
3.
Телескоптық түтігі – 1дана.
4.
Еден мен кілем бетінен жинау үшін қолданылатын қылшақ қондырмасы – 1дана.
5.
Жүмсақ жиһаздың қаптауыштарын тазарту үшін қолданылатын қондырмасы – 1дана.
6.
Саңылаулы қондырмасы – 1дана.
7.
Шаңсорғыштың қондырмаларын орнатуға арналған ұстағышы – 1дана.
8.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1дана.
9.
Кепілдік талоны – 1дана.
10.
Құрылғының орамасы (полиэтилен пакеті + қаптама қорабы) – 1дана.
7. Құрылғыны пайдалану
Құрылғының қаптама қорабын ашып, құрылғыны абайлап шығарып алыңыз, содан кейін оның орайтын барлық материалдарын құралдың ішінен және
сыртынан алып тастаңыз.