Сұрақ
Жауап
Неге құрылғы шу
шығарады?
Сорылған дыбысының естілуі — қалыпты жағдай. Үзік дыбыстар естілсе, су
үзіліспен ыдыстан қайнатқышқа қарай жіберілуде.
Сорылған дыбысы ұзақ уақыт берілсе, қақтан автоматты түрде тазалау
үрдісі жүріп жатыр. Бұл да қалыпты құбылыс.
Естілген дыбыс желдеткіштен болуы мүмкін. Құралдың қолдану барысында
үздіксіз жұмыс істеп тұратын желдеткіші бар. Бұл желдеткіш құралдың
жұмысын жақсартады және оны өшіру мүмкін емес.
Сорылған дыбыстар тоқтамаса, алдымен су ыдысы орнына дұрыс
салынғанын тексеріңіз. Дұрыс салынып тұрса да, дыбыстар тоқтамаған
жағдайда құралды өшіріп, Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
немесе Philips дилеріне хабарласыңыз.
Неге үтіктеу
тақтасының үстінде
су тамшылары/сулы
дақтар қалады?
Ұзақ уақыт бойы үтіктегеннен кейін тақтаның ішіне будан түзілген су
жиналып қалады да, бетінде су дақтары пайда болады. Пайдаланып
болғаннан кейін кебу үшін, тақтаны біраз уақыт жинамаңыз.
Неге үтіктен су
тамшылайды?
Үтіктің немесе бу үтігінің су жіберетін шлангіге су жиналады және осы
су үтіктен не бу үтігінен үтіктеу не бумен үтіктеу сеансы басталғанда
және сеанс кезіндегі үзілістен кейін бумен үтіктеудің алғашқы бірнеше
секундында су тамшылары ретінде шығарады.
Қақтан қорғайтын
картриджді ауыстыру
керек екенін қалай
білем?
Қақтан қорғайтын картридждің біртіндеп түсін өзгертетін түйіршіктері
бар. Түсі толықтай өзгергенде, қақтан қорғайтын картридждің әсері кетіп,
оны алмастыру керек болады. Картриджді алмастыру қажет болғанда,
REPLACE CARTRIDGE (КАРТРИДЖДІ АЛМАСТЫРУ КЕРЕК) қызыл
жарығы жыпылықтап, дыбыстық сигнал беріледі.
Жаңа қақтан
қорғайтын
картридждерді қайдан
сатып алуға болады?
Жаңа қақтан қорғайтын картридждерді сатып алу үшін Philips Интернет
дүкеніне
www.philips.com/shop
мекенжайы бойынша өтіңіз немесе
Philips желідегі қолдау орталығына кіріңіз және GC019 деп іздеңіз.
Үтіктеу тақтасының
тысы мен фетрден
жасалған астарын
жууға бола ма?
Үтіктеу тақтасының тысын нәзік матаға арналған айналымды пайдаланып
кір жуу машинасында жууға болады. Алайда, фетрден жасалған астарын
машинада жууға болмайды. Оны абайлап қолмен жууыңыз.
ҚазаҚша
116
Summary of Contents for WardrobeCare GC9940
Page 1: ...Все оригинальные аксессуары к вашей технике на одной странице ...
Page 2: ...Register your product and get support at www philips com welcome GC9955 GC9950 GC9945 GC9940 ...
Page 3: ......
Page 4: ...1 ...
Page 5: ......
Page 262: ......
Page 263: ...4239 000 7789 2 ...