Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Зарядтау
Аккумулятор батареясын зарядтау
Құрылғыны зарядтау шамамен 8 сағат алады. Толығымен зарядталған
құрылғы 30 минутқа дейін сымсыз жұмыс істей алады.
1
Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2
Шағын ашаны зарядтау тұрағының розеткасына қосыңыз, сөйтіп
адаптерді розеткаға қосыңыз.
3
Құралды зарядтау тірегіне қойыңыз.
,
Заряд шамы ақ түспен жыпылықтап құралдың зарядталып
жатқанын білдіреді.
,
Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтау шамы ақ түспен 30 минут
бойы жанып тұрады. 30 минуттан кейін зарядтау шамы сөнеді.
Ескертпе. Құрылғыны батарея толығымен зарядталмай тұрып
пайдалануға болады. Дегенмен, бұл жағдайда оның өнімділігі мен жұмыс
уақыты оңтайлы болмайды.
Батареяның аздығын көрсететін шам
Батарея бос дерлік болғанда зарядтау шамы пайдалану кезінде
және құрылғыны өшіргеннен кейін 4 секунд бойы сары түспен
жыпылықтайды. Батареяда әлі толық 5 минут қолдану үшін жеткілікті
қуат бар. Батарея толығымен таусылса, құрылғы автоматты түрде
өшеді және зарядтау шамы өте жылдам сары түспен жыпылықтайды.
Құрылғыны пайдаланудан кейін бірден зарядтау ұсынылады.
ҚАЗАҚША
27