
Құрылғыны пайдалану
Щеткамен тазалау туралы нұсқаулар
1
Қылшықтарды сулап, тіс пастасының азғана мөлшерін жағыңыз.
2
Щетка қылшықтарын қызыл иекке азғантай бұрышпен
келетіндей етіп тіске жақындатыңыз (Cурет 4).
3
Sonicare құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Ескертпе. Тіс пастасының шашырауын болдырмау үшін Sonicare өнімін
қоспастан бұрын тіс щеткасын міндетті түрде тіске тигізіңіз.
4
Sonicare тиімділігін барынша арттыру үшін ақырын басып,
Sonicare щеткасының өзіне тазалатыңыз.
5
Аздап артқа және алға қозғалтып, щетка басын тістерде баяу
жылжытыңыз, сонда ұзынырақ қылшықтар тістердің арасын
тазалайды. Осылай щеткамен тазалау барысында жылжытып
отырыңыз.
Ескертпе. бүкіл ауыз қуысын тазалау үшін, ауызды Quadpacer мүмкіндігін
пайдаланып 4 бөлікке бөліңіз («Мүмкіндіктер» тарауын қараңыз).
6
Әр бөлікті 30 секунд бойы тазалаңыз, жалпы щеткамен тазалау
уақыты 2 минут болуы керек. 1-бөлігінен (жоғарғы тістердің
сыртын) бастаңыз, содан кейін 2-бөлігін (тістердің ішін)
щеткамен тазалаңыз. 3-бөлігінде (төменгі тістердің сыртын)
жалғастырыңыз да, соңында 4-бөлігін (төменгі тістердің ішін)
щеткамен тазалаңыз (Cурет 5).
7
Щеткамен тазалау циклын аяқтағаннан кейін, қалған уақытты
тістердің шайнау беттерін және дақтар пайда болатын
аймақтарды щеткамен тазалауға жұмсауға болады. Сондай-ақ,
қаласаңыз, щетка қосулы немесе өшірулі кезде щеткамен тілді
тазалауға болады (Cурет 6).
Sonicare щеткасын мына жағдайларда қауіпсіз пайдалануға болады:
-
Тіс түзегіш пластиналар (тіс түзегіш пластиналарға қолданғанда
щетка бастары тезірек тозады)
-
Тіс қалпына келтіргіштері (пломбалар, коронкалар, венирлер)
100
ҚАЗАҚША
4235_020_3072_2_Booklet_Simple_A6_v1.indd 100
22/03/16 15:35