-
Зақымдалған болса, ұстараны немесе адаптерді пайдаланбаңыз,
себебі жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Әрқашан зақымдалған
адаптерді түпнұсқа түрінің бірімен ауыстырыңыз.
-
Құралды тек 10°C және 35°C аралығындағы температурада
қолдануға және сақтауға болады.
-
Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
-
Бұл ұстараны қайта зарядтауға болмайды, оны тек розеткаға жалғап
пайдалануға болады.
-
Тек берілген адаптерді және қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
-
Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз.
Стандарттарға сәйкестігі
-
Құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
келеді және оны ағынды сумен шаюға болады.
-
Ұстара электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Жалпы ақпарат
-
Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
Электр ұстараны қолдану
Ескерту Бұл ұстараны қайта зарядтауға болмайды, оны тек розеткаға
жалғап пайдалануға болады.
1
Кішкене шанышқыны ұстараға енгізіңіз.
2
Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3
Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4
Қырыну бастарын тері бетімен жүргізіңіз. Айналдыра жүргізіңіз.
-
Терінің Philips қырыну жүйесіне үйренуіне 2 немесе 3 апта кетуі
мүмкін.
5
Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет
басыңыз.
6
Ұстараны тазалаңыз («Тазалау және күтіп ұстау» тарауын
қараңыз).
ҚазаҚша
50