![Philips HR7962 User Manual Download Page 10](http://html.mh-extra.com/html/philips/hr7962/hr7962_user-manual_301060010.webp)
10
KK
4 Асүйлік
комбайнды
пайдалану
Араластырғыш ыдыс
құралдары
Ескертпе
•
Бұлғауышты, көпіршіту құралын немесе
қамыр илегіш ілмекті орнатар алдында
тұтқа 0 қалпында тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•
Ыдыста 1000 г ұн мен басқа
ингредиенттерді өңдеуге болады.
•
4-Cуретте көрсетілгендей ұсынылған
мөлшерді, өңдеу уақытын және
жылдамдығын сақтаңыз. Құрал
зақымдалмас үшін ұсынылған өңдеу
жылдамдығын аспаңыз.
•
Асүйлік комбайнды пайдаланар
алдында корпустағы қақпақтардың
(блендерге және ет тартқышқа
арналған) дұрыстап жабылғанына көз
жеткізіңіз.
3 Алғашқы рет
қолданар
алдында
Асүйлік комбайн және қосалқы құралдарын
алғаш рет пайдалану алдында тағамға тиетін
бөлшектерін мұқият тазалаңыз.
Құрылғыны тек қосалқы құралдарын
дұрыстап құрастырғаннан кейін қоса аласыз.
Дұрыс жинау үшін 2-Cуретті қараңыз.
Авто тоқтату
Асүйлік комбайн үздіксіз 15 минут жұмыс
істегеннен кейін автоматты түрде өшеді.
Бұл ұзақ қолданысқа байланысты орын
алуы мүмкін қауіпсіздік проблемаларын
болдырмайды.
Асыра толтырудан қорғау
Асүйлік комбайн асыра толтырылған
жағдайда жұмысын автоматты түрде
тоқтатады.
Аса толтырылған және автоматты түрде
тоқтату қорғанысы жағдайында құрылғыны
қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1
Тұтқаны 0 позициясына бұраңыз, одан
кейін оны қуат көзінен ажыратыңыз.
2
Жүктемені азайту үшін біраз
ингредиентті алып тастаңыз.
3
Құрылғыны бірнеше минут суытыңыз.
4
Қуат ашасын қуат көзіне қосыңыз
және қажетті жылдамдықты қайтадан
таңдаңыз.