Егер адаптор сынған болса, қауіпті жағдай
туғызбас үшін, оны түпнұсқалық түрімен ғана
ауыстырған жөн.
Құралды тек 5°C және 35°C температурасы
аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және
сақтауға болады.
Тоқ сымы суланбағандығына көңіл бөліңіз.
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа
батыруға болмайды, және оны ағын судың
астында шаюға болмайды.
Ұстараны тоққа қосылған зарядтайтын
қондырғыда 24 сағаттан көп уақытқа қалдыруға
болмайды.
Құрал суға төнімді, сондықтан оны ағын су
астында тазалауға болады.
Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп
алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін
тексеріп отырыңыз.
Бұл құрал халықаралық бекітілген IEC қауіпсіздік
ережелерге сәйкес, сондықтан оны еш алаңсыз
ваннада немесе душта қолдануға болады.
Құралды қолданар алдында құралға қоса
берілген гель мен лосьонның ішіне кіретін
ингредиенттерді тексеріп (баллонның
артын қараңыз), оның ішіндегі қоспалардың
ешқайсысына сіздің аллергияңыз жоқ екендігін
тексеріп алыңыз. Егер сізде бір немесе бірнеше
ингредиенттерге аллергияңыз болса, онда
гельді немесе лосьонды қолданбаңыз.
Шу деңгейі: Lc = 63dB(A)
Электромагниттік өріс (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электромагниттік өріске
(ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Бар ғылыми дәлелдерді негізге ала отырып,
нұсқауларға сәйкес дұрыс пайдалана отырып
аспапты пайдалануға болады.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша
0