34
Қазақша
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы, табаны
немесе шайнектің өзі зақымданған болса,
құрылғыны қолданбаңыз. Қуат сымы
зақымданған болса, қауіпті жағдай орын
алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында,
Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Бақылау астында болса немесе құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған
болса және байланысты қауіптерді түсінсе,
бұл құрылғыны 8 және одан жоғары
жастағы балалар және дене, сезу немесе
ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі
мен білімі жоқ адамдар пайдалана алады.
8 жасқа толмаған балалар ересектің
қадағалауынсыз тазалау және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
-
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
-
Шайнекті, қуат сымын және табанды ыстық
беттерден аулақ ұстаңыз.
-
Құралды қоршалған бетке (мысалы, ыдыс
науасына) қоймаңыз. Су шайнектің астына
жиналып, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
-
Құралды тазалар алдында, оны тоқтан суырып,
суытыңыз. Шайнекті немесе оның негізін суға
немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
Құралды тек дымқыл шүберекпен және
жұмсақ тазартқыш затпен тазалаңыз.