Құрал халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік
заңына сәйкес келеді, және оны ағын су
астында тазалауға болады.
Ыстық сумен бапты болыңыз. Қолыңызды күйдіріп
алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін
тексеріп отырыңыз.
Шу деңгейі: Lc = 61dB(A)
Электромагниттік өріс (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электрмагниттік өріске
(ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген
нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл
құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер
бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.
Құралды қолдану
Қырыну
1
Құралдың тоқ сымын ұстараға қосыңыз.
2
Шанышқыны қабырғадағы розеткаға
қосыңыз.
3
Ұстараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір
мәрте басыңыз.
Температура жарығы жанады.
4
Қыратын ұстара бастарын теріңіздің үстінен
жылдам, тік және айналмалы қозғалыстармен
жүргізіңіз.
Құрғақ бетті қырсаңыз, ең жақсы нәтижеге
жетесіз.
Сіздің теріңіз осы Philips қырыну ұстара жүйесіне
үйрену үшін 2 немесе 3 апта алады.
-
-
ҚазаҚша
51