67
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді
www.philips.com/welcome
веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Дәлдегіш кесу тарағы
2 Стандартты кесу тарағы
3 Бұралатын кесу тарағы
4 Лазер бағыттағышы
5 Кесу тарағының бағыттағыш тесігі
6 Ұзындықты орнату дисплейі
7 Ұзындықты орнатуға арналған масштаб дөңгелегі
8 Қосу/өшіру түймесі
9 Батарея шамдары
10 Кішкене штепсельге арналған розетка
11 Адаптер
12 Кішкене штепсельдік ұш
13 Щетка
14 Сақтау қалтасы (тек BT925/BT9290)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
-
Құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолданбаңыз.
Ескерту
-
Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Құралдың қандай да
бір бөлшектері зақымдалса немесе сынса, оны қолданбаңыз, себебі
бұл жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.
-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
-
Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
-
Құралды зарядтау үшін, тек қосымша берілген адапторды ғана
қолданыңыз.
ҚазаҚша
Summary of Contents for BT9280
Page 2: ...1 ...
Page 175: ...8222 002 0051 1 ...