- Қуат сымының әсіресе аша ұштарын, электр розеткаларын және олардың
құралдан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан
қорғаңыз.
- Нәресте бақылаушысын оның сымы есікті немесе өтетін жерді
бөгемейтіндей етіп орнатыңыз. Егер нәресте мониторын үстелге немесе
аласа корпус үстіне қойсаңыз, желілік шнур үстел немесе шкаф шетінде
салбырап тұрмауы керек. Сымның еденде шалынып қалу қаупін
тудыратындай етіп жатпағанын тексеріңіз.
- Орауыш материалдарды (пакетті, картон буферді, т.б.) балалардан
алшақ қойыңыз. Олар ойыншық емес.
- Электр тогы соғылуын болдырмау үшін нәресте құрылғысы немесе ата-
ана құрылғысы корпусын ашпаңыз.
Абайлаңыз
- Құрылғыны 0°C (32°F) және 40°C (104°F) арасындағы температурада
пайдаланыңыз.
- Құралды радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын
басқа құрылғылар (күшейткіштерді қоса) сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
- Адаптерлерді, тығындарды және электр сымын өңдеу кезінде
қолдарыңыздың құрғақ екендігін тексеріңіз.
- Нәресте құрылғысындағы, ата-ана құрылғысындағы және қуат
адаптеріндегі барлық талап етілетін белгілер нәресте құрылғысы, ата-ана
құрылғысы және қуат адаптері астында орналасқан.
Стандарттарға сәйкестігі
- Бұл өнім Еуропалық қауымдастықтың радио кедергілеріне қойылатын
талаптарына сай.
- Philips Consumer Lifestyle осы арқылы осы нәресте мониторы 2014/53/EU
(FHSS: жиілік ауқымы 2.4GHz, максималды радиожиілік қуаты: 100 mW
EIRP) директивасының негізгі талаптарына және басқа тиісті ережелеріне
сай екенін мәлімдейді. EC сәйкестік туралы мәлімдемесінің (DoC)
көшірмесі желіде мына мекенжайда бар: www.philips.com/support.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
245
Қазақша
Summary of Contents for AVENT SCD630
Page 1: ...SCD841 SCD843 SCD845 SCD630 ...
Page 2: ......
Page 3: ......
Page 4: ......
Page 34: ...34 English ...
Page 120: ...120 Hrvatski ...
Page 150: ...150 Magyar ...
Page 181: ...181 Български ...
Page 242: ...242 Українська ...
Page 273: ...empty page before backcover ...