
64
ҚАЗАҚША
Абайлаңыз
-
Бұл құрылғы үй тұрмысында және соған ұқсас ферма үйлері,
жатын орын мен таңғы ас беретін орындар, дүкендердегі,
кеңселер мен басқа да жұмыс орындарындағы ас үйлер сияқты
орындарда және қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғылықты орындарда тұтынушылар қолданысына арналған.
-
Пайдаланылмайтын кезде құрылғыны ажыратып қойыңыз.
-
Қыздыру элементінің беті пайдаланудан кейін де жылуды
сақтайды.
-
Тазалар алдында, құрылғыны суытып алыңыз.
-
Жөнделмес зақым келтірмеу үшін қағын түсіру нұсқауларын
орындаңыз.
-
Құрылғыны өз бетіңізше ашпаңыз немесе жөндемеңіз. Еліңіздегі
Philips тұтынушылар қолдау орталығына хабарласуыңызға болады
(
www.philips.com/support
сайтын қараңыз).
-
Тамақты өте ұзақ уақыт бойы қыздыруға болмайды.
Құрылғының шығарылған күні өнімнің астында жазылған: YYWW.
YY – жылдың соңғы екі саны
WW - апта саны
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Бөтелке жылытқышты пайдалану
Бұл бөтелке жылытқышпен барлық Philips Avent тағам
бөтелкелерін, ыдыстардағы сүт/нәресте тағамын және
балаларға арналған басқа тағам ыдыстарын қауіпсіз жылытуға
болады.
Ескертпе. Philips Avent ана сүті қалталарын және 60 мл Philips ана
бөтелкелерін осы бөтелке жылытқышта пайдалануға болмайды.
Параметрлерді түсіндіру
-
Өшіру параметрі: бөтелке жылытқыш та, шам да өшеді. Әрбір
басқа параметрде құрал қосылып, шам жанады (2-сурет).