
88
KK
Неліктен ата-ана модулінен қатты шулы
дыбыстар шығады?
•
Ата-ана модулі мен нәресте модулінің
арасын кемінде 1,5 метрге дейін
жақындатыңыз. Бірнеше секундтан
кейін шуды басу функциясы қосылады.
•
Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін
азайтыңыз.
Неге дыбыс естілмейді? Баламның жылағаны
неге естілмейді?
•
Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін
көтеріңіз.
•
Микрофонның сезімталдық деңгейін
арттырыңыз.
•
Бала мен нәресте модулінің арасын
жақындатыңыз.
•
Нәресте мониторын жұмыс
диапазонының шегінен шығарсаңыз,
ата-ана модулін нәресте модуліне
жақындатыңыз. Сонда байланыс қайта
орнатылады.
Неліктен ата-ана модулі басқа дыбыстарды
тым жылдам қабылдайды?
•
Нәресте модулінің айналасындағы
дыбыс көздерін алшақтатыңыз.
•
Микрофонның сезімталдық деңгейін
төмендетіңіз.
Неліктен ата-ана модулі нәрестенің
жылағанын өте кеш қабылдайды?
•
Нәресте модулінің микрофоны балаға
қарап тұруы керек.
•
Нәресте модулін нәрестеңізге 1-2 метр
қолайлы қашықтыққа қойыңыз.
•
Микрофонның сезімталдық деңгейін
арттырыңыз.
Неліктен нәресте модуліндегі қайта
зарядталмайтын батареялар тез отырады?
Батарея қуатын қалай үнемдеуге болады?
•
Динамиктің дыбыс немесе
микрофонның сезімталдық деңгейін
азайтыңыз.
•
Пайдаланылмаса, нәресте модулі мен
түнгі жарықты өшіріп қойыңыз.
•
ECO режимін қосыңыз.
Нәресте мониторының белгіленген жұмыс
диапазоны — 330 метр. Неге нәресте
мониторы бұдан аз қашықтықта ғана жұмыс
істейді?
•
Көрсетілген диапазон тек дала, яғни
ашық кеңістік үшін жарамды.
Неге ата-ана модулінің жұмыс уақыты
24 сағаттан аз?
•
Ата-ана модулін бастапқы 4 рет
зарядтағанда, жұмыс уақыты 24
сағаттан аз болады. Қайта зарядталатын
батареялар 4 рет зарядталып және
зарядын жұмсап болғаннан кейін ғана
сыйымдылығын толық пайдаланады.
•
Дыбыс және микрофонның сезімталдық
деңгейін азайтыңыз.
Неге ата-ана модулі 8 сағаттан артық
зарядталады?
•
Бірінші рет немесе ұзақ уақыт бойы
қолданылмағаннан кейінгі зарядтау
уақыты — 10 сағат.
•
Зарядтағанда, ата-ана модулін өшіріп
қойыңыз.
Электр қуаты берілмей қалса, не болады?
•
Ата-ана модулі жеткілікті деңгейде
зарядталып, нәресте модуліне
батареялар салынған болса, нәресте
мониторы қуат берілмей қалған
жағдайда да жұмысын жалғастыра
береді.
Ата-ана модулі өзінен-өзі неге өшіп қала
береді? Ата-ана модулі неге қосылмайды?
•
1-шешім: ата-ана модулінен
батареяларды алып, қайта салыңыз. Ата-
ана модулі автоматты түрде қосылады.
•
2-шешім: қуат адаптерін ата-ана
модуліне қосыңыз. Ата-ана модулі
автоматты түрде қосылады.