10
ҰСЫНЫМДАР
• Аспапты пайдаланар алдында, пайдаланушының
нұсқаулығымен мұқият танысып шығыңыз. Оқып
шыққан соң, оны болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Осы нұсқаулықта келтірілген барлық иллюстрация
-
лар нақты объектілердің схемалық бейнелері болып
табылады, олар нақты бейнелерден ерекшеленуі
мүмкін.
• Аспапты пайдалану кезінде жылжытпаңыз.
• Аспапты тамақ дайындау мен қыздыру үшін ғана
пайдаланыңыз.
• Аспапты жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
• Аспап жұмыс істеп тұрғанда, есігін ашық
қалдырмаңыз.
• Шағын тұмшапешке лайықты термотөзімді ыдысты
ғана пайдаланыңыз.
• Аспапқа консерві банкаларын, бөтелкелерді,
сондай-ақ нығыздап жабылған сыйымдылықтар
мен тым ірі өнімдерді салмаңыз. Бұл жарақатқа не
-
месе аспаптың бұзылуына алып келуі мүмкін.
• Шикі етті/балықты тікелей торға салмаңыз, өйткені
тоң май мен май тұтануы мүмкін. Өнімді алдын
ала фольгаға орап, пісіруге арналған қалыпты
пайдаланыңыз. Фольганың қыздыру элементтеріне
тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Фольганы пайдаланған кезде, қаңылтыр табаны
орта деңгейге орналастырмаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Аспаптың ішіне/үстіне қағаз, картон, пластик,
сүлгі және т.б. қоймаңыз, өйткені бұл өрт тудыруы
мүмкін.
KZ
• Пайдалану аяқталған соң, бұйымды желіден
ажыратыңыз.
• Құрылғыны соққылардан, құлаудан, дірілден
және басқа механикалық әсерлерден қорғаңыз.
• Жууды бастар алдында, құрылғыны міндетті
түрде желіден ажыратыңыз.
• Бұйымды бөлмеден тыс пайдаланбаңыз.
• Бұл аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-
ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдарға (соның ішінде балаларға)
қолдануға арналмаған. Олар аспапты олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауымен
немесе аспапты қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулықтан кейін ғана пайдалана алады.
Балаларлың бұйыммен ойнауына рұқсат
бермеңіз.
• Бұл өнім тек күнделікті өмірде пайдалануға
арналған.
• Аспапты тазалау кезінде абразивті материалдар
мен органикалық тазартқыш заттарды (спирт,
бензин және т.б.) пайдаланбаңыз. Құрылғының
корпусын тазарту үшін аз мөлшерде бейтарап
жуғыш затты қолдануға рұқсат етіледі.
Электр аспаптарын пайдалану кезінде келесі
сақтық шараларын сақтау керек:
• Аспапты осы пайдалану нұсқаулығына сәйкес
пайдаланыңыз.
• Аспапты орнықты бет үстіне орнатыңыз.
• Құрылғы жиынтығына кіретін керек-жарақтарды
ғана пайдаланыңыз.
• Өрт немесе электр тогының соғу қаупін
болдырмау үшін құрылғыға су тиюіне және
құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайында
пайдалануға жол бермеңіз. Егер қандай
да бір себептермен құрылғы ішіне су кірсе,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына (USC)
хабарласыңыз.
• Аспаптың электрмен жабдықтау үшін
тиісті сипаттамалары бар электр желісін
пайдаланыңыз.
• Аспапты ауада тез тұтанатын заттардың буы
болуы мүмкін орынжайларда пайдаланбаңыз.
• Ешқашан өз бетімен құрылғыны ашпаңыз
– бұл электр тоғының соғу себебі болуы,
аспаптың істен шығуына әкелуі мүмкін және
өндірушінің міндеттемелерінің күшін жояды.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету
үшін тек OURSSON сауда маркасының
өнімдерін жөндеуге уәкілетті қызмет көрсету
орталықтарына хабарласыңыз.
• Құрылғыны салқын бөлмеден жылы бөлмеге
және керісінше жылжытқан кезде, оны
қолданудан бұрын ашыңыз және қоспай, 1-2
сағат күтіңіз.
• Электр тогының соғу қаупіне жол бермеу
мақсатында, сымдардың немесе бүкіл
бұйымның суға батырылуына жол бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған аспаптың жанында
балалар болса, ерекше сақ және мұқият
болыңыз.
• Аспаптың ыстық бетіне қол тигізбеңіз, бұл
жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Қорек бауын үстелдің өткір жиегінен немесе
қыздырылған бет үстілеріне тигізбеңіз.
• Сымды үстелдің өткір жиегінен салбырауына
немесе қыздырылған бет үстілеріне тиюіне жол
бермеңіз.
• Бұл аспапты басқа электр құрылғыларымен
шамадан тыс жүктелген желіге қоспаңыз: бұл
құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
• Өнімді газ және электр плиталарына, сондай-ақ
пештерге жақын орнатпаңыз.
• Аспап қорек бауы зақымдалған кезде, сондай-ақ
өнімнің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда,
егер аспап құлап кетсе немесе басқа жолмен
зақымдалса, пайдаланбаңыз.
• Өнімді желіден ажыратқан кезде, штепсельді
ғана ұстаңыз, сымнан ұстап тартпаңыз – бұл
сымның немесе розетканың зақымдалуына және
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Қауіптілік символы
Пайдаланушыға жоғары кернеу туралы ескерту.
Ескерту символы
Нұсқаулыққа сәйкес барлық әрекеттерді жүргізу
қажеттілігі туралы пайдаланушыға ескерту.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ, А СУР.
Күйіп қалу қаупінің белгісі
Пайдаланушының еске салғышы
жоғары температура туралы.
Summary of Contents for MO0703
Page 1: ...MO0703 MO0907 Instruction manual EN KZ RU MO0703 MO0907 Instruction manual EN...
Page 2: ......
Page 3: ...3 220 240 V 1 2 MO0703 MO0907 1 2 4 5 m 4 5 m...
Page 4: ...4 D 1 2 3 6 5 4 1 1 3 MO0703 MO0907 2...
Page 10: ...10 KZ USC OURSSON 1 2...
Page 11: ...11 1 2 1 1 1 2 1 1 c 1 2 3 4 5 6 1 1 2 100 250 0 60 10 15 250 2 1 2 3 5 4 2 5 3 6 6 1 7 8...
Page 17: ...17 OURSSON AG OURSSON 1 2 RU...
Page 18: ...18 1 A 2 1 1 1 2 1 1 1 1 2 3 4 5 6 1 1 2 100 250 0 60 10 15 250 C 2 1 2 3 5 4 2 5 3 6...
Page 20: ...20 D 60 150 25 30 0 5 0 5 4 100 30 35 120 30 35 160 15 20 100 30 35 100 25 30 100 30 35...
Page 24: ...24 www oursson com...